«Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесінің жастармен жұмыс жүргізу және отбасы құндылықтарды насихаттау бөлімінің ережесі

 

  1. Жастармен жұмыс жүргізу және отбасы құндылықтарды насихаттау бөлімі (бұдан әрі – Бөлім) «Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі – Басқарма) құрылымдық бөлімшесі болып табылады, Басқарма басшысына тікелей бағынысты болады.
  2. Бөлім өз қызметінде «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» стратегиясын, нақты лауазымның мамандануына сәйкес салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерін, ҚР 2020 жылғы 29 маусымдағы № 350-VI ҚРЗ ҚР Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі, «Волонтерлікті дамытудың 2021 – 2023 жылдарға арналған жол картасын бекіту туралы» ҚР Премьер-Министрінің 2021 жылғы 22 сәуірдегі № 84-ө өкімі, «Қазақстан Республикасының жастарын қолдау жөніндегі 2021 – 2025 жылдарға арналған кешенді жоспарды бекіту туралы» ҚР Үкіметінің 2020 жылғы 29 желтоқсандағы № 918 қаулысы, Қазақстан Республикасының Конституциясын, Бала құқықтары туралы БҰҰ Конвенциясы, Қазақстан Республикасы «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодексі, Қазақстан Республикасының Бюджет және Еңбек кодекстері, Қазақстан Республикасының «Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы», «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы», «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы», «Мемлекеттік жастар саясаты туралы», «Білім туралы», «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңдарын, Қазақстан Республикасындағы 2030 жылға дейінгі отбасылық және гендерлік саясат тұжырымдамасын және басқа да Басқарманың құзырына қатысты заңнамалық және нормативтік құқықтық актілерін, жоғары органдардың бұйрықтары мен тапсырмаларын, Басқарма Ережесін, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
қаз
Дата публикации
14 марта 2022