Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 2 ақпандағы «Мемлекеттік кәсіпорынның басшысын тағайындау және аттестаттау, сондай-ақ оның кандидатурасын келісу қағидаларын бекіту туралы» №70 бұйрығының негізінде Шымкент қаласының энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасының «Қуатжылуорталық-3» МКК -нің басшысы қызметіне КОНКУРС ЖАРИЯЛАЙДЫ

Конкурс өткізу мерзімі: Шымкент қаласының энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасы осы хабарландыру жарияланғаннан кейін 15 күн өткен соң белгілейді.

Конкурс өткізілетін орын: Шымкент қаласының энергетика және инфрақұрылымды дамыту, мекенжайы: Шымкент қаласы, Орынбаева 33/2.

Мекеменің мекенжайы:  Шымкент қаласы, әл-Фараби ауданы, Жангельдин қөшесі, 13А. 

Басшы лауазымына үміткерлерге қойылатын негізгі талаптар:

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім, техникалық ғылымдар және технологиялар (жылу энергетикасы, электрэнергетикасы, құрылыс, инженер-құрылысшы, инженер-механик, құрылыс материалдарын, бұйымдарын және құрастырылымдарын өндіру, құқық мамандықтары (құқықтану), туризм, қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі), әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, мемлекеттік және жергілікті басқару, жобаны басқару),ауылшаруашылық ғылымдары (су ресурстары және суды пайдалану) мамандықтары және мамандығы бойынша экономика саласы кәсіпорнының бейініне сәйкес басшы лауазымдарда кемінде 5 жыл жұмыс өтілі.

Кәсіби құзырлығы: 

Қазақстан Республикасының Конституциясы, ҚР «Еңбек Кодексі»,  ҚР «Бюджет Кодексі», Қазақстан Республикасының Жер Кодексі, Қазақстан Республикасының Су Кодексі, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы, ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы»,                      ҚР "Мемлекеттік мүлік туралы","Мемлекеттік сатып алу туралы" заңдарын туралы біліуі тиіс.  

Кәсіби білім мен дағдысы: ұжымды басқара білу, жұмысын жоспарлау, ұйымдастыру, бақылау тәжірибесі. 

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлға конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген мерзімдерде комиссияға мынандай құжаттарды ұсынуы тиіс:

  • Конкурсқа қатысу туралы өтініш;
  • Мемлекеттік және орыс тілдерінде түйіндеме;
  • Еркін нысанда жазылған өмірбаян;
  • Білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
  • Нотариалды   расталған еңбек кітапшасының  көшірмесі;
  • Денсаулық жағдайы туралы анықтама /нысан 075/У/.
  • Уәкілетті органнан белгіленген тәртіппен соттылығы туралы анықтама.
  • Жеке куәлігінің көшірмесі
  • Қызметтік тізмі

Қатысушы үміткер өзінің қосымша білімі, еңбек тәжірибесі, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру жөніндегі құжаттардың көшірмесі, ғылыми дәрежесі, атағы, ғылыми еңбегі, алдыңғы жұмыс орнынан ұсыным хат) тапсыруына болады. 

Конкурсқа мынадай тұлғалар қатыса алмайды:

 1) он сегіз жасқа толмаған;

 2) бұрын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаған;

 3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған соттылығы барлар.

Конкурсқа қатысу туралы өтініштерді беру мерзімі: Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлғалардың құжаттарын қабылдау бұқаралық ақпарат құралдарында конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған күннен бастап күнтізбелік он бес күн өткеннен кейін аяқталады.

Құжаттар мына мекенжайға жіберілуі тиіс: Шымкент қаласы, Орынбаева 33/2 немесе konkurs-jkh@mail.ru поштасына жолдау.

Анықтама телефоны:  8 (7252) 39-31-95

Дата публикации
11 августа 2023