Шымкент қаласының энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасы
|
№ |
Анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелі |
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою жөнінде ұсынымдар |
Ұсынымды орындау нысаны |
Уәкілетті мемлекеттік органның ұстанымы *Ұсынымды басқа мемлекеттік органға жіберген жағдайда |
Орындалуы |
|
1. |
Талдау барысында Басқармада электр қуатымен қамтамасыз ету және сыртқы жарықтандыру бөлімінің басшысы Айдарбек Шоқан Қадірбекұлы және инвестициялық жобаларды іріктеу және бюджеттік саясатты қалыптастыру бөлімінің бас маманы Айдарбек Бекнұр қызмет атқаратыны анықталды. Бірақ, 2025 жылғы 23 мамыр күні инвестициялық жобаларды іріктеу және бюджеттік саясатты қалыптастыру бөлімінің бас маманы Айдарбек Бекнұр өз еркімен қызметінен босатылды.
|
Анықталған бұзушылықтарды жойып, жұмыстарды орындау арқылы қалпына келтіру |
Бақылау жүргізу. |
|
Мемлекеттік сатып алу барысында әлеуеттi өнiм берушiлер басқарма қызметкерлерінің туыстары және тиесілі заңды тұлғалар анықталмады.
|
|
2. |
Қазақстан Республикасының 2025 жылғы 15 наурыздағы №171-VII «Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің» 41 бабының 13-тармағы (2008 жылғы 4 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің» редакциясында 97-бабы 6-тармағы), «Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 4 желтоқсандағы №540 бұйрығының 215-тармағының талаптары сақталмай Мекеме мен «Риголит» ЖШС-і (БСН: 020440001977) арасындағы 13.07.2021 жылғы №131 келісім-шарт бойынша «Шымкент қаласы Құрсай шағын ауданынына жеткізуші магистралды суаққының және ішкі орамдық ауыз су жүйелерінің құрылысы (1 кезек)» бойынша 208 593 087 теңгеге жұмыстар орындалмаған |
Анықталған бұзушылықтарды жойып, жұмыстарды орындау арқылы қалпына келтіру |
Бақылау жүргізу. |
|
Тұрақты |
|
3. |
Қазақстан Республикасының 2025 жылғы 15 наурыздағы №171-VII «Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің» 41 бабының 13-тармағы (2008 жылғы 4 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің» редакциясында 97-бабы 6-тармағы), «Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 4 желтоқсандағы №540 бұйрығының 215-тармағының талаптары сақталмай Мекеме мен «Риголит» ЖШС-і (БСН: 020440001977) арасындағы 13.07.2021 жылғы №132 келісім-шарт ббдойынша «Шымкент қаласы Құрсай шағын ауданынына жеткізуші магистралды суаққының және ішкі орамдық ауыз су жүйелерінің құрылысы (2 кезек)» бойынша 75 822 581 теңгеге жұмыстар орындалмаған. |
Анықталған бұзушылықтарды жойып, жұмыстарды орындау арқылы қалпына келтіру |
Бақылау жүргізу. |
|
Тұрақты |
|
4. |
«Шымкент қаласы Мирас, Шапағат-2 шағын аудандарында кәріз жүйелерінің құрылысы» нысаны ЖСҚ-на сәйкес құрылыс құны 1 901 797,0 мың теңгені құрады, ЖСҚ әзірлеуші - «Форс Проект» ЖШС. ЖСҚ әзірлеуге жобалаушы мекеме мемлекеттік сатып алу конкурсы арқылы анықталып, келісім шарт негізінде жүргізілген. 2018-2020 жылдары ЖСҚ-ны әзірлеуге кеткен шығын 54 700,0 мың теңгені құраған. Нысанның құрылысы аяқталмаған, пайдалануға берілмеген. Нысанның құрылысын аяқтау үшін, кәріз жүйесінің құбырлары қиып өтетін жеке жер учаскелерін мемлекет мұқтажына алу қажет. Қазіргі таңда, жер учаскелерін мемлекет мұқтаждығына алу жұмыстары жүргізілуде. Ендігі кезекте, жер бойынша мәселелер аяқталғаннан кейін құрылыс жұмыстарын қайта жүргізіледі. |
Анықталған бұзушылықтарды жойып, жұмыстарды орындау арқылы қалпына келтіру |
Бақылау жүргізу. |
|
Тұрақты |
|
5. |
«Шымкент қаласындағы бұрынғы қоқыс полигонының аумағында саябақ салу» абаттандыру жұмыстары барысында рекультивациялау (қоқысты топырақпен толтыру) бойынша жұмыстар толық орындалмағаны, көгалдандыру жобасына (көгалдандырудың орнына топырақ төсеу) түзетулер енгізілгені анықталды. 2018 жылғы ЖСҚ-ны әзірлеуге кеткен шығын 546,0 мың теңгені құраған. Сараптама 2019 жылы 12 қыркүйекте алынған. Құрылыс құны 615,5 млн. теңге. 2018 жылы Шымкент қаласы Республикалық маңызы бар қала мәртебесін алғаннан кейін жобаны қаржыландыру тоқтатылған. |
Анықталған бұзушылықтарды жойып, жұмыстарды орындау арқылы қалпына келтіру |
Бақылау жүргізу. |
|
Тұрақты |
|
6. |
«Шымкент қаласы, Достық шағын ауданында инженерлік кәріз желілерінің құрылысы (2-кезек)» нысаны ЖСҚ-на сәйкес құрылыс құны 949 081,0 мың теңгені құраған, ЖСҚ әзірлеуші – «JeR Group» ЖШС. ЖСҚ әзірлеуге жобалаушы мекеме мемлекеттік сатып алу конкурсы арқылы анықталып, келісім шарт негізінде жүргізілген. 2019 жылғы ЖСҚ-ны әзірлеуге кеткен шығын 840,0 мың теңгені құрады. 2019 жылы 11 қаңтарда мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алынып, сараптаманың құны ЖСҚ әзірлеу құнында ескерілген. Нысанның құрылысы 90 пайыз аяқталған, пайдалануға берілмеген. Нысанды пайдалануға беру үшін, А2 трассасының бойында д-1000 кәріз коллекторының құрылысы жүргізілуде. Осы аталған коллектордың құрылысы аяқталғаннан кейін Достық шағын ауданының ішкі орамдық көшелерін кәріз жүйесіне қосу жұмыстары атқарылу және іске қосылу жоспарлануда. |
Анықталған бұзушылықтарды жойып, жұмыстарды орындау арқылы қалпына келтіру |
Бақылау жүргізу. |
|
Тұрақты |
|
7. |
«Шымкент қаласының Ынтымақ ықшам ауданында 110/35/10 кВ ҚС және 110 кВ электр желілерін салу» нысаны ЖСҚ-на сәйкес құрылыс құны 11 832 784,0 мың теңгені құраған, ЖСҚ әзірлеуші - «Улмад» ЖШС. ЖСҚ әзірлеуге жобалаушы мекеме мемлекеттік сатып алу конкурсы арқылы анықталып, келісім шарт негізінде жүргізілген. 2019 жылғы ЖСҚ-ны әзірлеуге кеткен шығын 1 000,0 мың теңгені құраған. 2020 жылғы ЖСҚ-ны әзірлеуге кеткен шығын 50 000,0 мың теңгені құрады. 2021 жылғы ЖСҚ-ны әзірлеуге кеткен шығын 9 860,0 мың теңгені құрады 2021 жылы 2 тамызда №19-0311/21 мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алынып, кеткен шығын 2 788,0 мың теңгені құраған. Жалпы шығын 63 648,0 мың теңгені құраған. Нысанның құрылысы жүргізілмеген. Қазіргі таңда, Басқарма тарапынан Қызылсу қосалқы станциясының жобалау-сметалық құжаттамасы әзірленуде. Аталған ҚС құрылысы аяқталғаннан кейін «Шымкент қаласының Ынтымақ ықшам ауданында 110/35/10 кВ ҚС және 110 кВ электр желілерін салу» нысаныны ЖСҚ-на түзету жұмыстарын енгізіп (қосылу көзі өзгертіледі), қайта сараптамадан өткізіп, Қызылсу қосалқы станциясына қосу жоспарланған. |
Анықталған бұзушылықтарды жойып, жұмыстарды орындау арқылы қалпына келтіру |
Бақылау жүргізу. |
|
Тұрақты |
|
8. |
Шымкент қаласындағы жалпы ұзындығы 22,13 км 5-аймақта «Сайрам-Су» су жинау құрылысынан «Центр-2» ӘК дейін су құбырын салуға ЖСҚ әзірлеу бойынша 2022 жылы шығын 7 314,0 мың теңгені құраған. Сайрам-Су су тартпа салу үшін жерасты көздерінің көлеміне зерттеулер жүргізілуде. Осыған байланысты әзірленген жобалық-сметалық құжаттама «Сайрам-су» басым су тартпа алғышының құрылысына жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеу жұмыстарының басында жүргізілу және жобалық-сметалық құжаттама бойынша түзету жұмыстарын 2025 жылы жүргізілу жоспарлар отыр |