GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Әкім аппараты
Қызметі
Байланыс ақпараты
Баспасөз орталығы
Құжаттар
Онлайн қабылдау
Все материалы
Тұрғындармен жұмыс
21 октября 2026
📍 ЕҢБЕКШІ АУДАНЫНДА ТАҢҒЫ АРАЛАУ ЖҮРГІЗІЛДІ

➤ Бүгін таңғы уақытта аудан аумағындағы тазалық, абаттандыру және инфрақұрылымдық жұмыстардың жай-күйі тексерілді.

➤ Қапал батыр көшесінде тазалық пен абаттандыру жұмыстары, соның ішінде гүл отырғызу барысы қаралды. Орманшы тұрғын алабында санитарлық тазалық мәселесіне назар аударылды.

➤ Оңтүстік шағын ауданындағы тұйық көшелерге асфальт төсеу жұмыстарының барысы тексерілді. Сонымен қатар тұрғындардың ұсыныстары негізінде орнатылған балалар ойын алаңдарының жағдайы, тазалығы мен күтіп-ұсталуы зерделенді.

➤ Аралау кезінде әр аумақтағы нақты жағдайға баға беріліп, назар аударуды қажет ететін мәселелер белгіленді. Негізгі мақсат — атқарылып жатқан жұмыстардың сапасын бақылап, ауданның күнделікті тыныс-тіршілігіне қатысты мәселелерді уақытылы анықтау.

06 октября 2026
ҰСТАЗДАРҒА ҚҰРМЕТ — ҰЛЫ ЕҢБЕККЕ ҚҰРМЕТ

 

Ұстаздар күні қарсаңында ұзақ жылдар бойы ұстаздық қызмет атқарып, саналы ғұмырын ұрпақ тәрбиесіне арнаған, бүгінде зейнет демалысындағы ардагер ұстаздардың шаңырағына арнайы барып, мерекелік құттықтау жасалды.

Ардагер ұстаздарға аудан әкімінің құттықтауы жеткізіліп, білім саласына қосқан елеулі үлестері үшін алғыс айтылды.

Ұстаздық жол — үлкен жауапкершілік пен тынымсыз еңбекті талап ететін абыройлы жол. Сан жылдарын шәкірт тәрбиесіне арнаған ардагер ұстаздардың еңбегі қашанда құрметке лайық. Олардың өнегелі жолы мен мол тәжірибесі кейінгі буынға үлгі.

Ардагер ұстаздарға зор денсаулық, отбасыларына амандық, ұзақ ғұмыр және мерейлі күндер тілейміз!

Тұрғындармен жұмыс
02 октября 2026
ХАЛЫҚПЕН ДИАЛОГ: ТҰРҒЫНДАРДЫ КЕЗЕКТІ ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУ ӨТТІ

 

Азаматтардың арыз-шағымдарына жедел үн қату, ашықтық пен қолжетімділік — мемлекеттік басқарудың басты басымдығы.
Бүгін Еңбекші ауданының әкімі кезекті жеке қабылдау өткізіп, тұрғындарды толғандырған өзекті мәселелерін тыңдады.

Қабылдау барысында әлеуметтік қолдау, білім беру инфрақұрылымы, инженерлік желілер мен жол сапасы, балалар ойын алаңдары мен аяқжолдар салу сияқты түйткілді мәселелер көтеріліп, әрбір өтініш бойынша тиісті ақпарат берілді. Сонымен қатар уақыт пен ресурсты талап ететін жұмыстар алдағы жоспарға енгізіліп, кезең-кезеңімен шешілетіні түсіндірілді.

30 сентября 2026
ТЛЕНШИН КӨШЕСІНДЕГІ ТЕМІРЖОЛ ӨТКЕЛІ ТЕХНИКАЛЫҚ ТҮРДЕ АШЫЛДЫ

 

🔹Еңбекші ауданындағы Тілeншин көшесінде теміржол үстінен салынған жаңа автокөлік өткелі техникалық тұрғыда ашылып, көлік қозғалысы іске қосылды.

🔹Жаңа өткелдің ашылуы қала тұрғындарының күнделікті қатынауын жеңілдетіп, автокөлік қозғалысын реттеуге және теміржол желісі арқылы өтетін бағыттардағы жол жүру уақытын қысқартуға мүмкіндік береді.

🔹Өткелдің іске қосылуы әсіресе Тілeншин көшесі мен оған іргелес аумақтардағы тұрғындар үшін маңызды. Бұған дейін теміржол өткеліндегі пойыз қозғалысына байланысты көліктердің уақытша тоқтауы тұрғындардың қатынауына әсер ететін. Жаңа нысан көлік қозғалысын теміржолдан бөлек бағытта ұйымдастыруға мүмкіндік береді.

🔹Қазіргі таңда өткел маңындағы аумақты абаттандыру және инфрақұрылымды ретке келтіру жұмыстары жалғасуда.

🔹Жаңа нысан қаланың көлік инфрақұрылымын жақсартуға, тұрғындардың қажеттіліктерін ескеруге және қауіпсіз қозғалыс жағдайын қалыптастыруға бағытталған.

15 сентября 2026
ТҰРҒЫНДАРМЕН КЕЗДЕСУ: ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР ОРНЫНДА ТАЛҚЫЛАНДЫ

 

Еңбекші ауданында қала әкімінің тұрғындармен III тоқсандағы көшпелі кездесулері өтті. Кездесулер Ұлағат, Цементшілер шағын аудандарында, Базарқақпа және Тоғыс тұрғын алаптарында ұйымдастырылды.

Кездесулер барысында тұрғындардың ұсыныстары тыңдалып, аумақтардағы өзекті мәселелер тікелей талқыланды. Атап айтқанда, көшелерді кеңейту, балалар ойын алаңдарын салу, бейнебақылау камераларын орнату, бағдаршамдар мен жасанды жол кедергілерін қою, қоғамдық көлік бағыттарын ұзарту, абаттандыру және экология мәселелері көтерілді.

Сонымен қатар кәріз желілеріне қосылу, электр беру желілері мен трансформаторлық қосалқы станцияларды жаңғырту, көпқабатты тұрғын үйлерді жаңғырту бағдарламасына қатысу мәселелері де қаралды.

Әлеуметтік және спорттық инфрақұрылымды дамытуға қатысты ұсыныстар да айтылды. Атап айтқанда, Ұлағат шағын ауданында балабақша мен емхана салу, Тоғыс тұрғын алабында спорт кешенін салу қажеттілігі көтерілді.

Кездесулерге салалық департаменттер мен басқармалардың басшылары қатысты. Тұрғындардың сұрақтарына тиісті түсіндірмелер беріліп, көтерілген мәселелер бойынша алдағы жұмыс бағыттары пысықталды.

Кездесу қорытындысы бойынша хаттамалар түзілді. Қосымша зерделеуді және кезең-кезеңімен іске асыруды қажет ететін мәселелер жұмыс жоспарына енгізілді. Жауапты сала мамандарына тиісті міндеттер айқындалып, көтерілген мәселелердің орындалу барысы бақылауға алынды.

10 сентября 2026
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕРГЕ ӘДЕП НОРМАЛАРЫ МЕН ЗАҢ ТАЛАПТАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

 

Шымкент қаласы Еңбекші ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік қызметшілерімен қызметтік әдеп нормалары мен заң талаптарын сақтау мәселелеріне арналған жиын өтті.

Жиынды аудан әкімі Есілбек Досбол Күздікбайұлы жүргізіп, мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп нормаларын сақтауы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама талаптарын орындауы және мемлекеттік қызмет саласындағы өзекті мәселелерге тоқталды.

Жиында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысы Қанат Керімханұлы Қадырбеков 2026 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілген «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» жаңа Заңның негізгі талаптарына тоқталып, заңнамадағы өзгерістер мен мемлекеттік қызметшілердің құқықтары мен міндеттері жөнінде түсіндірді.

Сондай-ақ, Шымкент қаласы әкімдігінің Әдеп жөніндегі уәкілі Мұратжан Омарбекұлы Акишев мемлекеттік қызметтің қоғамдағы маңыздылығына тоқталып, қызметтік әдеп нормаларын сақтау, азаматтармен қарым-қатынаста жоғары мәдениет пен жауапкершілік танытудың маңызын атап өтті.

Кездесу соңында мемлекеттік қызметшілерге заң талаптарын мүлтіксіз орындау, қызметтік әдеп нормаларын сақтау және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытында тиісті міндеттер айқындалды.

01 сентября 2026
1 ҚЫРКҮЙЕК – БІЛІМ КҮНІ

Бүгін еліміздің барлық өңірінде 1 қыркүйек – Білім күніне арналған алғашқы қоңырау салтанатты іс-шаралары өтуде.

Бұл күн – мектеп табалдырығын алғаш аттаған бүлдіршіндер үшін ерекше сәт. Ал жоғары сынып оқушылары үшін жаңа оқу жылындағы жаңа мақсаттар мен міндеттердің бастауы.

Еңбекші ауданында биыл 3 465 бала алғаш рет мектеп табалдырығын аттап, 1-сыныпқа қабылданды. Бұл – бүлдіршіндер үшін үлкен өмірге бастар алғашқы қадам.

Алғашқы қоңырауын қуанышпен қарсы алған барлық оқушыларға жаңа оқу жылында сәттілік, жақсы білім және жоғары жетістіктер тілейміз.

Жас ұрпаққа білім мен тәрбие беріп жүрген ұстаздарға еңбектері үшін алғыс білдіреміз. Ұстаздарға жаңа оқу жылында толағай табыс, шығармашылық ізденіс және шәкірттерінің жетістігін көруді тілейміз.

Баланың білім алып, тәрбиелі азамат болып қалыптасуында ата-ананың қолдауы мен жауапкершілігі де маңызды. Ұстаз бен ата-ана арасындағы өзара түсіністік пен қолдау – бала болашағының берік негізі.

Жаңа оқу жылы баршаңызға сәттілік пен жаңа жетістіктер әкелсін!

Баршаңызды Білім күнімен құттықтаймыз!

Тұрғындармен жұмыс
18 августа 2026
БІРЛІК ПЕН ТАТУЛЫҚТЫ НАСИХАТТАУ БАҒЫТЫНДА ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

 

18 тамыз күні Еңбекші ауданына қарасты Абдулабад және Базарқақпа тұрғын алаптарында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Іс-шараға Шымкент қаласы «Қоғамдық келісім» КММ Ақсақалдар кеңесі төрағасының орынбасары Б. Жалмұрзаев, сарапшы Н. Абдукаримов, Шымкент қаласы Дін істері басқармасының «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ теолог маманы Н. Амангелді, Қаратөбе аумағының медиаторы және Абдулабад тұрғын алабындағы «Озған ата» мешітінің бас имамы қатысты.

Түсіндіру жұмыстары барысында жалпыұлттық бірлікті нығайту, этносаралық татулық пен қоғамдық келісімді сақтау, сондай-ақ діни сауаттылықты арттыру және діни мәселелер бойынша ақпарат беру бағыттары қамтылды.

Кездесу барысында тұрғындарға қоғамдағы тұрақтылық пен өзара сыйластықты сақтау, бірлік пен татулықтың маңыздылығы жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

12 августа 2026
 РӘМІЗГЕ ҚҰРМЕТ — ЕЛГЕ ҚҰРМЕТ

 РӘМІЗГЕ ҚҰРМЕТ — ЕЛГЕ ҚҰРМЕТ

🔸Еңбекші ауданында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерін қолдану талаптарының сақталуына кезекті рейд жүргізілді.

🔸 Рейдке Еңбекші ауданы әкімі аппаратының және Техникалық реттеу және метрология комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің мамандары қатысып, бірқатар мекемелерде Мемлекеттік рәміздерді орналастыру және қолдану тәртібіне мониторинг жүргізді.

🔸 Іс-шара барысында мекеме өкілдеріне рәміздерді орналастыру, пайдалану және күтіп ұстау талаптары түсіндіріліп, заңнама нормаларын сақтау бойынша ұсынымдар берілді.

Мемлекеттік рәміздер — ел егемендігі мен тәуелсіздігінің басты нышаны. Оларға құрмет — Отанға құрмет.

06 августа 2026
ЕҢБЕКШІ АУДАНЫНДА АППАРАТТЫҚ ЖИНАЛЫС ӨТТІ

 

Состоялось очередное аппаратное совещание аппарата акима района «Еңбекші».

В ходе совещания рассмотрен ход текущих работ на территории района и обсужден ряд актуальных вопросов. В частности, были рассмотрены вопросы благоустройства и санитарного содержания, уличного освещения, дорожной и инженерной инфраструктуры, а также работы по обращениям жителей.

Кроме того, обсуждены планы на предстоящий период и определены конкретные задачи по их качественному и своевременному выполнению.

Руководителям ответственных отделов и учреждений поручено усилить работу и держать выявленные вопросы на постоянном контроле.

Социальные сети
Instagram
Facebook
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы