Меню

Страницы

Статья

Тұрғындармен жұмыс

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы  Тоқаевтың 2019 жылғы 2 қыркүйектегі Қазақстан халқына «Сындарлы қоғамдық диалог-Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты жолдауында мемлекетті нығайту, отандық бизнесті қолдау, халықты әлеуметтік қорғау және экономиканы дамыту мәселелеріне тоқталды.
Негізгі мәлімдеме болашақ азаматтық қоғам жөнінде болды.
Жолдауда азаматтардың барлық сындарлы өтініш-тілектерін жедел әрі тиімді қарастыратын «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру міндеті қойылды.

 

Қазақстан Республикасының Президентінің Жолдауы

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы  Тоқаевтың 2019 жылғы 2 қыркүйектегі Қазақстан халқына «Сындарлы қоғамдық диалог-Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты жолдауын аудан тұрғындарына кеңінен насихаттау және талқылау мақсатында 58 кездесу өткізіліп, жалпы саны 7 мыңға жуық тұрғын  қамтылды.

 

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы  іс-қимыл туралы

        Сыбайлас жемқорлыққа қатысты әрекеттерді болдырмау және  алдын алу мақсатында аудан әкімі аппаратының ұйымдастырумен     2019 жылы мемлекеттік әкімшілік қызметшілері арасында және аудан аумағындағы білім беру, денсаулық сақтау мекемелерінде, кәсіпкерлер мен тұрғындар арасында (семинар-кеңестер, дөңгелек үстелдер, құқықтық  сабақтар, жиналыстар) жалпы 32 іс-шара ұйымдастырылып  өткізілді.

Ұйымдастырылған іс-шаралардың мақсаты Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заң талаптарын  сақтау, азаматтар мен заңды тұлғалардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерінің сақталуын және қорғалуын  қамтамасыз ету, мемлекеттік тәртіп пен еңбек тәртібін сақтау секілді  қоғам  тарапынан  сеніп  тапсырылған міндеттерді адал атқаруға ерекше мән  беруге бағытталып отыр.

         2018  жылдың  қорытындысы бойынша  аудан  әкімінің есепті кездесулерінде түскен 91 ұсыныс пен өтініштердің 30-на кездесу  барысында  толыққанды  жауап  берілді,  қалған  61 ұсыныстар  бойынша  іс-шаралар жоспары түзіліп, құзырлы мекемелермен бірлесе атқарылған жұмыстардың  мәліметтері  тоқсан  сайын  жергілікті баспасөз беттерінде және аудан  әкімі  аппаратының  ресми сайтында жарияланып отыр.        

 

 Құжат айналымы туралы

         2019 жылдың өткен мерзімінде  аудан әкімі аппаратына  3600 кіріс құжаттары түсіп,  4034  құжат  жолданды,  жеке және заңды тұлғалардан  347 жазбаша  өтініштер  тіркелді. 

         Жыл  басынан аудан әкімі  мен аудан әкімі орынбасарларының жеке қабылдауларында 225 азамат болды. Қала әкімінің шешімімен азаматтарды аудан әкімі  жеке қабылдауды  күнделікті жүргізді.

Қазақстан Республикасының «Жеке және заңды тұлғалардың  өтініштерін қарау тәртібі  туралы» Заңының талаптарына сәйкес  барлық өтініштер мен арыздар уақтылы қаралып,  жауаптар берілді.       

Дата публикации
23 марта 2020
Дата обновления
23 марта 2020
Тип

Сейчас читают

Ақпарат
16 сентября 2026
СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ КАРТОГРАММАСЫ
16 сентября 2026
16 сентября 2026

Социальные медиа

Instagram
Facebook

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы