Меню

Страницы

Статья

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау қорытындылары бойынша

енгізілген ұсынымдардың орындалуы туралы ақпарат

 

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау объектісінің атауы:

Шымкент қаласының Еңбекші ауданы әкімінің аппараты

 

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу кезеңі: 01.01–31.12.2025 ж.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу мерзімі: 13.05-15.06.2026 ж.

Талдамалық анықтамаға қол қойылған күні: 18.06.2026 ж.

 

р/с

Ұсыным

Іс-шаралар жоспарына сәйкес аяқтау нысаны

Ұсынымның орындалуы туралы ақпарат

1.

Атқарылған жұмыстарды қабылдау кезінде техникалық қадағалауды күшейту және нәтижелерін ашық жариялау

Сатып алу шарттарының орындалу мерзімі

Атқарылған жұмыстарды қабылдау барысында олардың көлемі мен сапасының белгіленген талаптарға сәйкестігін қамтамасыз ету мақсатында техникалық қадағалау жүргізілді. Орындалған жұмыстарды қабылдау кезінде тиісті қабылдау актілері рәсімделіп, атқарылған жұмыстардың нәтижелері бойынша фотофиксация жүргізілді. Жұмыстардың орындалу барысы мен нәтижелері бойынша ақпараттың ашықтығын қамтамасыз ету шаралары қабылданды.

2.

«FSM Social» мобильді қосымшасын міндетті түрде пайдалану және тексеру рәсімдерін цифрландыру

Хаттама/фото

«FSM Social» мобильді қосымшасын қолдану және фото/бейнефиксация

2025 жылы мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) алуға өтініш берген отбасылардың материалдық-тұрмыстық жағдайын зерделеу кезінде учаскелік комиссия мүшелерінің өтініш берушілердің тұрғылықты мекенжайына баруы «FSM Social» мобильді қосымшасы арқылы тіркелді.

Материалдық-тұрмыстық жағдайды зерделеу барысында тиісті фотофиксация жүргізіліп, алынған фотоматериалдар мобильді қосымшаға жүктелді. Аталған цифрлық құрал комиссия мүшелерінің отбасына бару фактісін, зерделеу рәсімінің жүргізілгенін және оның нәтижелерін электрондық түрде тіркеуге мүмкіндік берді.

Осыған байланысты, 2025 жылы АӘК тағайындау рәсімінде «FSM Social» мобильді қосымшасын пайдалану арқылы бақылау және цифрландыру тетіктері қолданылған, бұл адами факторды төмендетуге және материалдық-тұрмыстық жағдайды зерделеу рәсімінің ашықтығын арттыруға ықпал етті.

3.

Заңсыз сауда, сыртқы жарнама және заңсыз құрылыс нысандарына мониторинг жұмыстарын полиция және өзге де құзырлы органдармен бірлесіп жүргізу

 

Фото/видео

 

Заңсыз сауда, сыртқы жарнама, заңсыз кәсіпкерлік және заңсыз құрылыс нысандарын анықтау бойынша мониторингтік жұмыстар полиция және өзге де құзырлы мемлекеттік органдармен бірлесіп жүргізілді. Бірлескен мониторинг жүргізу арқылы қызметкерлердің кәсіпкерлік субъектілерімен тікелей байланысын азайту, анықталған заң бұзушылықтарды объективті бағалау және қабылданатын шаралардың ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған жұмыстар жүргізілді.

4.

Мемлекет мұқтажы үшін алынған объектілерді бұзу барысында жарамды құрылыс материалдарын бөлу бойынша арнайы комиссия немесе жұмыс тобын құру

Фото/видео

 

Мемлекет мұқтажы үшін алынған объектілерді бұзу қажеттілігі туындаған жағдайда, жарамды құрылыс материалдарын есепке алу ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында арнайы комиссия немесе жұмыс тобын құру және оның құрамына қоғамдық өкілдерді енгізіледі. Комиссияның шешімдерін хаттамамен рәсімдеп, құрылыс материалдарын алушылардың тізімін және бөлу нәтижелерін ашық түрде жарияланатын болады.

 

5.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ай сайын құқықтық түсіндірме жүргізуді, тиісті жадынамамен таныстырып қол қойдыруды жандандыру

Жадынама

/іс-шаралардың хаттамасы

Аппарат қызметкерлері арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың талаптарын түсіндіру, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының алдын алу және мемлекеттік қызметшілердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді сақтау мақсатында ай сайын құқықтық түсіндіру жұмыстарын жүргізу жандандырылды. Түсіндіру барысында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне бейім қызмет түрлері, мүдделер қақтығысын болдырмау, қызметтік әдеп талаптары және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер түсіндіріліп, қызметкерлер тиісті жадынамалармен таныстырылып, танысқаны туралы қол қойдыру қамтамасыз етіледі.

 

Дата публикации
16 сентября 2026
Дата обновления
16 сентября 2026
Тип

Сейчас читают

Ақпарат
16 сентября 2026
СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ КАРТОГРАММАСЫ
16 сентября 2026
16 сентября 2026

Социальные медиа

Instagram
Facebook

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы