Шымкент қаласының Еңбекші ауданы әкімінің аппараты»
коммуналдық мемлекеттік мекемесінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау мақсатында жүргізілген ішкі талдаудың
ТАЛДАМАЛЫҚ АНЫҚТАМАСЫ
Шымкент қаласы 2026 жыл маусым
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауға жататын мекеменің атауы: «Шымкент қаласының Еңбекші ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (әрі қарай - Аппарат).
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің негіздері:
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы №410-Заңы, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығымен бекітілген «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидалары» және Шымкент қаласының Еңбекші ауданы әкімінің 2026 жылғы 6 мамырдағы №32-н/қ өкімі.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдаудың бағыты:
1)Еңбекші ауданы әкімі аппаратының қызметіндегі өкімдеріне сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;
2)Еңбекші ауданы әкімі аппаратының ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүргізетін құрылымдық бөлімше, лауазымды тұлға (лауазымды тұлғалар) немесе жұмыс тобының персоналдық құрамы:
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу мерзімі: 13.05 – 15.06.2026 жыл (23 жұмыс күн).
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу кезеңі: 01.01 – 31.12.2025 ж.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүргізуге және жұмыстың нәтижесіне басшылық, үйлестіру және жауаптылық жүктелетін сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау субъектісінің лауазымды тұлғасы: С. Нурманов
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау бойынша талдау жұмыстарының сипаттамасы:
KPI 1: СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІНІҢ БАРЛЫҚ БАҒЫТТАРЫ БОЙЫНША ТАЛДАУМЕН ҚАМТЫЛҒАН БӨЛІМДЕРДІҢ ҮЛЕСІ (100%)
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу
1 – міндет. Қолданыстағы құқықтық актілердегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
Аппараттың қолданыстағы нормативтік құқықтық актілердің арасында сыбайлас жемқорлық және құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін өзінің қалауы бойынша шешім қабылдайтын өкілеттік пен нормалар анықталмады.
2 – міндет. Ішкі құжаттардағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықталмады.
Еңбекші ауданы әкімі аппаратында 2025 жылдың 1 қаңтары - 31 желтоқсан аралығында жеке құрам бойынша - 257 өкім, негізгі қызмет бойынша – 95 өкім, жалпы саны 352 өкім қабылданған.
Аппарат 7 бөлімнен және 1 бағынысты мекемеден («Еңбекші» КММ) тұрады.
Штат саны - 44 мемлекеттік қызметшілер және 40 техникалық қызмет көрсететін қызметкерлер .
Оның ішінде: аудан әкімі –1 (саяси), әкім орынбасары – 3 (Е-1 санаты), аппарат басшысы - 1 (Е-2 санаты), бөлім басшысы – 7 (Е-3 санаты), бас инспектор – 10 (Е-3 санаты), бас маман – 22 (Е-4 санаты).
Анықтама үшін:
1.Ұйымдастыру-инспекторлық жұмыс және аумақтық даму бөлімі – штат саны 7 (жеті) бірлік: бөлім басшысынан, 2 (екі) бас инспектор, 4 (төрт) бас маманнан тұрады.
Талдау кезеңінде, 10 мемлекеттік қызметші және «Еңбекші» КММ директоры жұмыстан шығарылған. Атап айтқанда:
- Д.А.Амангелдиев (аудан әкімінің орынбасары) - ротация тәртібімен ауысуына байланысты;
- Е.С.Дүйсенбиев (бас маман м.а.) - Қазақстан Республикасы Ұлтттық қауіпсіздік комитеті Шымкент қаласы бойынша департаментінің хатына байланысты;
- Д.А.Шуылдақ (бас инспектор) - зейнеткерлік жасына жетуіне байланысты;
- Ш.Ғ.Майханов (бас маман м.а.) - өз еркімен жазған өтінішіне байланысты;
- С.М.Тлеубердиева (бас маман) - басқа мемлекеттік органға ауысуына
байланысты;
байланысты;
- Н.М.Сейітхан (бас маман) - басқа мемлекеттік органға ауысуына байланысты;
- Е.Қ.Әбіл (бас маман) - басқа мемлекеттік органға ауысуына байланысты;
- Қ.Арысбайұлы (бас инспектор) - басқа мемлекеттік органға ауысуына байланысты;
- А.Б.Парманов (аудан әкімінің орынбасары) - басқа мемлекеттік органға ауысуына байланысты;
- Н.Б.Адилбеков («Еңбекші» КММ директоры) - өз еркімен жазған өтінішіне байланысты;
Талдау кезеңінде аудан әкімінің өкімімен аппаратта ішкі ауысу тәртібімен және конкурстық негізде тағайындалған мемлекеттік қызметшілер:
|
№ |
Қызметшінің тегі, аты, әкесінің аты |
Тағайындалған лауазымы |
Негіздеме |
|
1. |
П.Д.Айтжанов |
Бөлім басшысы |
қоғамның орта сапасын дамыту бөлімінің бас инспекторы лауазымынан босатылып, ауысу тәртібімен әлеуметтік қорғау, қоғамның орта сапасын дамыту бөлімінің басшысы лауазымына тағайындалған. |
|
2. |
Қ.К.Айдапкелов |
Бас инспектор |
қоғамның орта сапасын дамыту бөлімінің бас маманы лауазымынан босатылып, ауысу тәртібімен қоғамның орта сапасын дамыту бөлімінің бас инспекторы лауазымына тағайындалған. |
|
3. |
Қ.Арысбайұлы |
Бас инспектор |
ұйымдастыру-инспекторлық жұмыс және аумақтық даму бөлімінің бас маманы лауазымынан босатылып, ішкі конкурстық негізде ұйымдастыру-инспекторлық жұмыс және аумақтық даму бөлімінің бас инспекторы лауазымына тағайындалған. |
|
4. |
М.Е.Әліпбек |
Бас маман |
әлеуметтік қорғауға қолдау көрсету бөлімінің бас маманы лауазымынан босатылып, ауысу тәртібімен қоғамның орта сапасын дамыту бөлімінің бас маманы лауазымына тағайындалған. |
|
5. |
Н.Б.Калтаев |
Бас инспектор |
ұйымдастыру-инспекторлық жұмыс және аумақтық даму бөлімінің бас маманы лауазымынан босатылып, ауысу тәртібімен кәсіпкерлікті қолдау бөлімінің бас инспекторы лауазымына тағайындалған. |
|
6. |
О.А.Ахметов |
Бөлім басшысы |
инфрақұрылым және абаттандыру бөлімінің бас инспекторы лауазымынан босатылып, ауысу тәртібімен инфрақұрылым және абаттандыру бөлімінің басшысы лауазымына тағайындалған. |
|
7. |
Н.Т.Шермахан |
бас инспектор |
инфрақұрылым және абаттандыру бөлімінің бас маманы лауазымынан босатылып, ауысу тәртібімен инфрақұрылым және абаттандыру бөлімінің бас инспекторы лауазымына тағайындалған. |
«Еңбекші» КММ бойынша
|
1. |
Н.Ө.Төлебеков |
«Еңбекші» КММ директоры |
«Еңбекші» КММ директорының орынбасары лауазымынан босатылып, «Еңбекші» КММ директоры лауазымына тағайындалған. |
|
2. |
А.К.Шалкенов |
«Еңбекші» КММ директорының орынбасары |
«Еңбекші» КММ директорының орынбасары лауазымына тағайындалған. |
Сонымен қатар, Шымкент қаласы әкімінің 2025 жылғы 19 мамырдағы №2636 қаулысымен штаттық кестенің өзгеруіне байланысты аппараттың
2 мемлекеттік қызметшісі лауазымдарға қайта тағайындалған. Атап айтқанда аудан әкімінің 2025 жылғы 1 тамыздағы №101 өкімімен Б.Н.Садуов - экономика және жоспарлау бөлімінің бас инспекторы лауазымына, А.О.Исмаилов - әлеуметтік қорғауға қолдау көрсету бөлімінің бас маманы лауазымына тағайындалды.
Талдау кезеңінде конкурстық негізбен 14 мемлекеттік қызметші жұмысқа қабылданған. Барлығы Шымкент қаласы әкімі аппараты жанынан құрылған конкурстық комиссиясы арқылы қабылданған.
|
Атауы/ р/с |
Аты-жөні, тегі |
Тағайындалған лауазымы |
Негіздеме |
|
1. |
Ш.Майханов |
Бас маман |
|
|
2. |
Д.Оспанов |
Бас маман |
|
|
3. |
Қ.Арысбайұлы |
Бас маман |
|
|
4. |
Д.Сегізханов |
Бас маман |
|
|
5. |
А.Парманов |
Аудан әкімінің орынбасары |
Ротация тәртібімен |
|
6. |
Р.Тургынбай |
Бас маман |
|
|
7. |
Н.Алиасқар |
Бас маман |
|
|
8. |
Н.Сейітхан |
Бас маман |
|
|
9. |
Н.Есбатыр |
Бас маман |
|
|
10. |
Б.Айтмурзаев |
Бас маман |
|
|
11. |
А.Жалгасова |
Бас маман |
|
|
12. |
Б.Қадыр |
Бас маман |
|
|
13. |
Н.Қайпбеков |
Бас маман |
|
|
14. |
Ж.Ният |
Бас маман |
|
Талдау кезеңіндегі тәртіптік жазаға тартылған қызметшілер
|
№ |
Қызметшінің тегі, аты, әкесінің аты |
Атқаратын қызметі |
Тәртіптік жаза қолданған өкім |
Тәртіптік жазаның түрі және не үшін берілгені туралы |
Тәртіптік жазаны мерзімінен бұрын алу туралы акт |
|
1. |
Тасқараев Ербол Бекмұрзаұлы |
қоғамның орта сапасын дамыту бөлімінің бас инспекторы |
29.01.2025ж. №10-ж/қ өкім |
Аудан әкімінің хаттамалық тапсырмасын мерзімінде орындамағаны үшін «сөгіс» түріндегі жаза қолданылған |
|
|
2. |
Айдапкелов Куаныш Кокеаманұлы |
қоғамның орта сапасын дамыту бөлімінің бас инспекторы |
03.02.2025ж. №12-ж/қ өкім |
Аудан аумағындағы санитарлық тазалық мәселесін бақылауға алмағаны үшін «сөгіс» түріндегі жаза қолданылған |
03.06.2025ж. №4 өкім Аудан әкімінің орынбасары М.Жолдахметтің қызметтік хаты |
|
3. |
Айтжанов Пернебек Досжанович |
қоғамның орта сапасын дамыту бөлімінің басшысы |
04.02.2025ж. №13-ж/қ өкім |
Аудан аумағындағы санитарлық тазалық мәселесін бақыламағаны үшін «сөгіс» түріндегі жаза қолданылған |
03.06.2025ж. №3 өкім Аудан әкімінің орынбасары М.Жолдахметтің қызметтік хаты |
|
4. |
Нурманов Самат Дуйсенович |
Аудан әкімінің аппарат басшысы |
12.03.2025ж. №19 өкім |
Шымкент қаласы Абай ауданы прокуратурасының ұсынымы бойынша, «сөгіс» түріндегі жаза қолданылған |
03.06.2025ж. №2 өкім Аудан әкімінің орынбасары Е.Кузенбаевтың қызметтік хаты |
|
5. |
Өксікбай Бақдәулет Ерланұлы |
Инфрақұрылым және абаттандыру бөлімінің бас инспекторы |
12.03.2025ж. №20 өкім |
Шымкент қаласы Еңбекші ауданы прокуратурасының ұсынымы бойынша, «сөгіс» түріндегі жаза қолданылған |
03.06.2025ж. №5 өкім Аудан әкімінің орынбасары М.Жолдахметтің қызметтік хаты |
|
6. |
Атаев Жақсылық Төреханұлы |
қоғамның орта сапасын дамыту бөлімінің бас маманы |
29.04.2025ж. №33 өкім |
Шымкент қаласы әкімі аппарат басшысы орынбасарының ұсынымы бойынша «ескерту» түріндегі жаза қолданылған |
03.06.2025ж. №6 өкім Аудан әкімінің орынбасары М.Жолдахметтің қызметтік хаты |
|
7. |
Ботбаев Олжас Бақытжанұлы |
ұйымдастыру-инспекторлық жұмыс және аумақтық даму бөлімінің бас инспекторы |
14.05.2025ж. №42 өкім
|
Аудан әкімі аппаратының басшысы С.Нурмановтың 2025 жылғы 14 мамырдағы қызметтік хаты |
14.08.2025ж. №8 өкім Аудан әкімі аппаратының басшысы С.Нурмановтың қызметтік хаты |
|
8. |
Сегізханов Дастан Сабырханұлы |
ұйымдастыру-инспекторлық жұмыс және аумақтық даму бөлімінің бас маманы |
13.06.2025ж. №79 өкім |
Қала әкімінің хаттамалық тапсырмасын уақытылы орындамағаны үшін «сөгіс» түріндегі жаза қолданылған |
14.08.2025ж. №10 өкім Аудан әкімінің орынбасары М.Жолдахметтің қызметтік хаты |
|
9. |
Калтаев Нурсагым Базарбайулы |
кәсіпкерлікті қолдау бөлімінің бас инспекторы |
30.06.2025ж. №88 өкім
|
Шымкент қаласы әкімі аппараты басшысының ұсынымы бойынша «сөгіс» түріндегі жаза қолданылған |
14.08.2024ж. №9 өкім Аудан әкімі орынбасарының қызметтік хаты |
|
10. |
Алиасқар Нурбол Алибиұлы |
қоғамның орта сапасын дамыту бөлімінің бас маманы |
03.09.2025ж. №113 өкім |
Шымкент қаласы әкімі аппартының инспекторлық жұмыс бөлімі басшысының ұсынымы бойынша «сөгіс» түріндегі жаза қолданылған |
11.12.2025ж. №14 өкім Аудан әкімінің орынбасары М.Жолдахметтің қызметтік хаты |
|
11. |
Тургынбай Руслан Дауренұлы |
қоғамның орта сапасын дамыту бөлімінің бас маманы |
03.09.2025ж. №112 өкім |
Шымкент қаласы әкімі аппартының инспекторлық жұмыс бөлімі басшысының ұсынымы бойынша «сөгіс» түріндегі жаза қолданылған |
11.12.2025ж. №11 өкім Аудан әкімінің орынбасары М.Жолдахметтің қызметтік хаты |
|
12. |
Атаев Жақсылық Төреханұлы |
қоғамның орта сапасын дамыту бөлімінің бас маманы |
03.09.2025ж. №114 өкім |
Шымкент қаласы әкімі аппартының инспекторлық жұмыс бөлімі басшысының ұсынымы бойынша «сөгіс» түріндегі жаза қолданылған |
11.12.2025ж. №13 өкім Аудан әкімінің орынбасары М.Жолдахметтің қызметтік хаты |
|
13. |
Егембердиева Ұлжан Несіпбекқызы |
Кәсіпкерлікті қолдау бөлімінің бас маманы |
30.09.2025ж. №118 өкім |
Шымкент қаласы әкімі аппартының инспекторлық жұмыс бөлімі басшысының ұсынымы бойынша «сөгіс» түріндегі жаза қолданылған |
11.12.2025ж. №12 өкім Аудан әкімінің орынбасары А.Пармановтың қызметтік хаты |
|
14. |
Айдапкелов Куаныш Кокеаманұлы |
қоғамның орта сапасын дамыту бөлімінің бас инспекторы |
19.12.2025ж. №163 өкім |
Аудан әкімі орынбасарының ұсынымы бойынша «сөгіс» түріндегі жаза қолданылған |
|
|
15. |
Исмаилов Акрамшик Олжабаевич |
кәсіпкерлікті қолдау бөлімінің бас маманы |
22.12.2025ж. №164 өкім |
Шымкент қаласы прокуратурасының ұсынымы бойынша «сөгіс» түріндегі жаза қолданылған |
|
Тәуекел: Тәуекелдер анықталмады.
4 – міндет. Мүдделер қақтығысымен байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
Аппаратта мүдделер қақтығысының белгілері анықталған жоқ.
Мәдени даму және мемлекеттік қызметтер көрсету бөлімі
5 – міндет. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтермен байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
Еңбекші ауданы әкімі аппараты 2021 жылдан бастап «Әскерге шақыруды кейінге қалдыру» және «Азаматтарды әскери қызметке шақырудан босату» мемлекеттік қызметтерін көрсетеді.
2025 жылы Әскери қызметтен босату мен
Әскери қызметті кейінге қалдыру бойынша түскен өтініштер кестесі
|
2025 жылы келіп түскен өтініштердің жалпы саны
|
Оның ішінде
|
|||||
|
Рұқсат берілгені
|
Бас тартылғаны |
Арыз иесінің өтінішімен қайтарылғаны |
комиссияның карауында |
мерзімі өткен |
||
|
237 (оның ішінде) |
132
босату-4 -кейінге қалдыру-128
|
69
босату-5 кейінге қалдыру-64
|
36
босату-9 кейінге қалдыру-27
|
0
босату-0 кейінге қалдыру-0
|
0 |
|
|
Әскери қызметтен босату |
Әскери қызметті кейінге қалдыру |
|||||
|
18 |
219
|
|||||
Спорттық санаттарды алу бойынша мемлекеттік қызмет көрсетулер
Еңбекші ауданы әкімі аппаратының құзыретіне 2018 жылдың қараша айынан бастап 2-разрядты спортшы, 3-разрядты спортшы, 1-жасөспiрiмдiк разрядты спортшы, 2-жасөспiрiмдiк разрядты спортшы, 3-жасөспiрiмдiк разрядты спортшы спорттық разрядтар және бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы, бiлiктiлiгi орта деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы, бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты әдiскер, бiлiктiлiгi орта деңгейдегi екiншi санатты әдiскер, бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты нұсқаушы-спортшы, спорт төрешiсi бiлiктiлiк санаттарын беру функциясы берілді.
2025 жылы 23 спортшыға спорттық санаты берілді.
Атап айтқанда: «3-разрядты спортшы» - 1. «1-жасөспірімдік разрядты спортшы»-1, «3-жасөспірімдік разрядты спортшы»-21.
-5 құжат кері қайтарылды еңбекші ауданына қарамағандықтан.
Жоғарыда көрсетілген мемлекеттік көрсетілетін қызмет түрі ИИС Цон электронды портал және халыққа қызмет көрсету орталығының курьерлері арқылы қағаз жүзінде жүзеге асырылады.
Аудан әкімі аппаратында көрсетілетін мемлекеттік қызметтер автоматтандырылған. Яғни, көрсетілетін қызмет алушылар арасында тікелей байланыс орын алмайды және сыбайлас жемқорлық тәуекелі жоқ.
6 – міндет. Рұқсат етуші функцияларын жүзеге асырумен байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
Аппараттың құзыретінде рұқсат етуші функциялар қарастырылмаған.
7 - міндет. Бақылау функцияларын жүзеге асырумен байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
Аппараттың құзыретінде бақылау функциялар қарастырылмаған.
8 – міндет. Ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметтегі басқа да мәселелерге байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
Арыз-шағымдарды қарау барысы бойынша:
Талдау кезеңінде аппаратта «Е-өтініш» ақпараттық жүйесі арқылы 1057 өтініштер мен жолданымдар түскен, оның ішінде 395 өтініш заң аясында орындалды. Құзырына қарай қарау үшін 662 өтініш басқа мекемелерге жолданған Барлық өтініштер мен жолданымдарға Қазақстан Республикасының «Әкімшілік рәсімдік-процестік Кодексі» талаптарына сәйкес қаралып, жауап берілген.
Аталған өтініштерде сыбайлас жемқорлық мәселелері қозғалмаған. Аудан әкімі аппараты ғимаратында бірінші қабатында «Адалдық алаңы» тақтайшасы орнатылған және «Ашық әкімдік» кабинеті жұмыс жүргізілуде.
Аудан әкімі аппаратының ресми интернет-ресурсында байланыс телефон нөмері көрсетіліп, аппараттың әлеуметтік желілердегі аккаунттарында («Instagram» «Facebook» «WhatsApp») тұрғындардың өтініштері мен шағымдарына дер кезінде тиісті жауаптар берілуде. «109 IKomek» байланыс орталығынан 1729 өтініш түсіп, мерзімінде жауаптар берілген.
Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек бойынша:
Қазақстан Республикасының әлеуметтік Кодексінің 11-тарауына сәйкес, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау үшін аудан аумағында 7 учаскелік комиссия жұмыс жүргізеді.
2025 жылы жалпы 2246 отбасы өтініш білдіріп, оның 160 отбасы «Мұқтаж емес», 2086 отбасы «Мұқтаж» деп танылған.
Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекке өтініш білдірген үміткер азаматтардың тізіміне сәйкес, әр учаскелік комиссия тұрғылықты мекен-жайлары бойынша үй тұрмыстық зерделеу актілерін түзеді.
Тексеру барысында учаскелік комиссиялар Қазақстан Республикасының әлеуметтік Кодексінің 11-тарауына, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары-Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 21 маусымдағы №227 бұйрығына және Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 23 мамырдағы №167 бұйрығына сәйкес өтініш берушінің материалдық жағдайын тексеру нәтижелері бойынша атаулы әлеуметтік көмекке мұқтаждығын айқындау өлшемшарттарының критерийлері бойынша анықтап, атаулы әлеуметтік көмекке қорытынды береді.
2025 жылғы 1 қаңтардан бастап учаскелік комиссия мүшелері атаулы әлеуметтік көмекке (АСП-ға) өтініш берген отбасылардың материалдық-тұрмыстық жағдайына қатысты акт пен қорытындыны FSMsocial мобильді қосымшасы арқылы электронды түрде рәсімделеді. Аталған қосымша комиссия мүшелерінің өтініш берушінің отбасына барған-бармағанын анықтауға мүмкіндік береді және өтініш берушінің тұрмыстық жағдайына қатысты 5 фотосуреттен кем емес материал жүктеуді міндеттейді.
Сонымен қатар, комиссия мүшелері АӘК-ке құжат тапсырған отбасылардың материалдық жағдайын тексеру барысында Шымкент қаласы Еңбекші ауданының мансап орталығының ақпараттық жүйесі арқылы азаматтардың атындағы жылжыйтын және жылжымайтын мүліктер тіркелген немесе тіркелмегені туралы мәліметтер алып, тексеру жұмыстарын жүргізеді.
Әр өтініш 7 жұмыс күнінің ішінде қаралып, Шымкент қаласы Еңбекші ауданының мансап орталығына жолданады.
Тәуекелдер:
Ұсынымдар:
Кәсіпкерлікті қолдау бөлімі
Аудан аумағында заңсыз сауда, заңсыз жарнама (заңсыз кәсіпкерлік) орындарын аныктау, жерді өз бетінше иеленуді болдырмау бойынша құзырлы мекемелермен бірлескен мониторингтік жұмыстарды жүргізеді.
Сонымен қатар, мемлекет муқтаждығына aлынған объектілерді бұзуды ұйымдастыру жүктелген. Бұзылған объектілердің жарамды құрылыс материалдарын анықтап, оларды әлеуметтік жағынан осал (мұқтаж) отбасыларға үйлестіру жургізіледі.
Тәуекелдер:
9 – міндет. Қаржы шаруашылық қызметімен байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтықтау.
Экономика және жоспарлау бөлімі
Еңбекші ауданы әкімі аппаратының 2025 жылғы мемлекеттік сатып алулар бойынша мәліметі:
Жалпы келісім шарттардың саны – 158. Абаттандыру, мерекелік іс-шаралар бойынша жалпы келісім шарттар саны – 119. 130 - келісім шарт толық орындалған. 1 келісішарт екі жақты келісіммен бұзылды ( "BNT stroy group" ЖШС) 2– келісім шарт біржақты бұзылған. ("DOS Holding"ЖШС, "EXPRESS LOGISTICS COMPANY" ЖШС – келісім шарт, шарттың қамтамасыз ету сомасын мерзімінде енгізбегені үшін, жосықсыз қатысушылар тізіміне енгізген).
Мемлекеттік қызметшілерге бағалау парағы негізінде бонустар төленген, үнемделген қаржы есебінен аппарат қызметшілеріне сыйақылар заңға сәйкес берілген. Бөлім қызметкерлері, ұйымдарға төлейтін қаржыны тиісті бөлімдердің, жетекшілік жасайтын әкім орынбасарының атқарылған жұмыстардың қабылдау актісіне қол қойғаннан кейін төлем жүргізіп отырған. Қаржыны игеруде заңбұзушылықтарға жол бермей, жыл қорытындысымен 100% игеруді қамтамасыз еткен.
Тәуекел: Тәуекелдер анықталған жоқ.
Қоғамның орта сапасын дамыту бөлімі
Аудан аумағында орналасқан көп пәтерлі және жеке сектор тұрғын үй тұрғындары арасында улы газбен уланудың алдын-алу бойынша үгіт-насихат жұмыстары жүргізіліп, жадынамалар таратылған.
«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында сенбілік жұмыстары ұйымдастырылған.
Еңбекші аудандық Төтенше жағдайлар басқармасымен бірлесе аудан аумағында орналасқан панаханаларға түгендеу жұмыстары жүргізілген.
Аудан аумағы көлемінде коммуналдық мекемелер тарапынан инфрақұрылым жүйесін жүргізу барысында қазылған жерлердің асфальт қабатын қайта қалпына келтірту бойынша құзырлы мекемелермен жұмыс жүргізілген.
Тәуекел: Тәуекелдер анықталмады.
Ұсынымдар: Аудан әкімінің орынбасарлары тарапынан бақылауды күшейту.
Инфрақұрылым және абаттандыру бөлімі
Аудан аумағын абаттандыруға, көпқабатты үй аулаларына балалар ойын алаңшаларын, спорт алаңшаларын орнату, абаттандырылған нысандардың пайдалануын қадағалау жұмыстарын жүзеге асыру жұмыстарын қамтамасыз етеді.
Талдамалық кезеңде аудан тұрғындарының инфрақұрылым және абаттандыру бөліміне қатысты мәселелері бойынша жыл басынан 84 өтініш тіркеліп, әр өтінішке мерзімінде зерделеу жұмыстары жасалып, жауаптары уақытылы жолданған.
2024 жылға 64 жоба ұсынылып, 57 іске асырылды (44-ойын, 8-спорт, 5-гүлзар). Оның ішінде 48 көпқабатты үйдің аулаларын абаттандыру және жеке секторда 17 мекен-жайда кешенді балалар ойын алаңшасын орнату, сондай-ақ қала тұрғындары мен қонақтарына арналған серуендеп демалатын 5 қоғамдық кеңістік құру, 8 ашық спорт алаңшасын орнату жұмыстары жүргізілді.
2025 жылға жұмыс жоспарын бекіту мақсатында «Халық қатысатын бюджет» жобасына тұрғындар тарапынан ұсыныстар кезекті рет ағымдағы жылдың 20 қаңтар – 1 наурыз аралығында Еңбекші ауданы әкімі аппаратының ресми интернет парақшасында қабылданды.
Бұл туралы хабарламалар алдын ала аудан әкімі аппаратының ресми интернет желілердегі парақшаларында жарияланды.
2025 жылы 62 жоба ұсынылып, 44 іске асырылуда (35-ойын, 4-тротуар, 5-гүлзар). Оның ішінде 35 ойын алаңша, 4-тротура (16100 шақырым), 5-гүлзар «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында толық аяқталып, халық игілігіне пайдалануға берілді.
Одан бөлек, қосымша қаржы сұратылып 3 – гүлзар аудан аумағына орнатылып пайдалануға берілді.
Аталған жұмыстарды іске асыру мақсатында Шымкент қаласының мемлекеттік сатып алу басқармасына мемлекеттік сатып алу конкурсын өткізу үшін, конкурстық өтінімдер жолданып, қазіргі таңда мемлекеттік сатып алу конкурстары жоспарға сәйкес, өткізілуде. Жеңімпаз мердігер мекеме анықталған жағдайда, мемлекеттік сатып алу шарттары жасалып тиісті жұмыстар жүргізіледі.
Тәуекелдер:
1.Мердігер ұйымдармен тікелей байланыс;
2.Орындалған жұмыстарды қабылдау кезінде сыбайлас жемқорлық тәуекелі;
3.Техникалық қадағалаудың жеткіліксіздігі.
Ұсынымдар:
Мәдени даму, спорт және мемлекеттік қызмет көрсету бөлімі
Аудан аумағында көшелерге, көше атауы жазылған тақтайшалар орнатуға, мерекелік іс-шаралар өткізуге, ауданды мерекелік безендіруге мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырып, орындалған жұмыстарды растап қабылдап алады.
Тәуекелдер:
1.Мердігер мекемелермен тікелей байланыс;
2.Мемлекеттік сатып алу барысында мүдделер қақтығысының туындау қаупі;
3.Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде адам факторының ықпалы.
Ұсынымдар:
1.Конкурстық рәсімдерді қатаң сақтау;
2.Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды жалғастыру;
3.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұрақты түсіндіру жұмыстарын жүргізу;
4.Жүргізілген сатып алулар туралы ақпараттарды ашық жариялау.
10 – міндет. Жасырын мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді анықтау.
Талдау барысында аппаратта жасырын көрсетілетін қызметі түрі анықталмады.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ішкі талдаумен анықталған тәуекелдер:
- Мемлекеттік сатып алу және орындалған жұмыстарды қабылдау барысында тапсырыс беруші мен мердігер мекеме арасында тікелей байланыстың болуы;
- Кәсіпкерлікті қолдау бөлімінің қызметкерлері мен кәсіпкерлер арасындағы бейресми қатынастар тәуекелі.
- Заңсыз сауда және жарнама бойынша мониторинг барысында кәсіпкерлермен тікелей байланыс;
- Инфрақұрылым және абаттандыру жұмыстары кезінде орындалған жұмыстардың сапасын қабылдауда ашықтықтың жеткіліксіздігі;
- Атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау барысында материалдық жағдайды бағалау кезінде субъективті шешім қабылдау қаупі;
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін, құқық бұзушылықтарын жою бойынша ұсынымдар:
- Атқарылған жұмыстарды қабылдау кезінде техникалық қадағалауды күшейту және нәтижелерін ашық жариялау;
- «FSM Social» мобильді қосымшасын міндетті түрде пайдалану және тексеру рәсімдерін цифрландыру;
- Заңсыз сауда, сыртқы жарнама және заңсыз құрылыс нысандарына мониторинг жұмыстарын полиция және өзге де құзырлы органдармен бірлесіп жүргізу;
- Мониторинг жұмыстарын полиция және өзге де құзырлы органдармен бірлесіп жүргізу;
- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ай сайын құқықтық түсіндірме жүргізу, тиісті жадынамамен таныстыру.
С. Нурманов
О. Кенжеханов
Е. Кузенбаев
М. Жолдахмет
Ж.Жорахан
Г.Сергазиев
П.Айтжанов
О.Ахметов
Ғ.Мырзашев
М.Қадырбеков
А.Уалиханов
Қ.Абдуллаев
А.Асқар