Шымкент қаласы әкімдігінің 2025 жылғы 12 қыркүйектегі №4907 қаулысымен бекітілген «Шымкент қаласындағы шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі 2025 – 2027 жылдарға арналған «Іскер қала» іс-шаралар жоспарын бекіту туралы қаулысына сәйкес Еңбекші ауданы аумағында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын сататын сауда нүктелерін ораластыру орындарын айқындау бойынша конкурс өткізу туралы хабарландыру

Өтініштерді қабылдау: 2025 жылғы 14  қазанмен – 23 қазан аралығы.

Қатысуға өтінімдер мына мекен-жай бойынша қабылданады:  Шымкент қаласы, Толстой көшесі №119, «Шымкент қаласы  Еңбекші ауданы әкімінің аппараты», анықтама үшін телефон: +7 (7252) 43-31-84. Конкурсқа қатысуға өтінімдер (конкурстық өтінім) 2025 жылғы 23 қазан сағат 17:30-ға дейін қабылданады.

Конкурсқа жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар қатыса алады.

Конкурсқа қатысуға өтінімді қатысушы мөрленген конвертте береді. Конвертте көрсетілуі керек: қатысушы туралы мәліметтер (кәсіпкерлік субъектісі), байланыс ақпараттары, берілген күні. Өтінім тігілген және нөмірленген болуы тиіс.

Конкурсқа қатысуға өтінім келесі құжаттардан тұрады:

1) конкурстық құжаттаманың 2-қосымшасына сәйкес конкурсқа қатысуға өтініш;

2) өтініш берушінің немесе өкілінің сенімхат бойынша жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

3) ұйымның нысанын куәландыратын құжаттың көшірмесі (жеке кәсіпкер мен шаруа қожалығы – тіркеу туралы куәлік/талон,   заңды тұлға – мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік);

4) эскиздік жобаның көшірмесі немесе әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын сататын сауда нүктесінің фотосуреті;

5) өтініште көрсетілген мәліметтерді растайтын құжаттардың көшірмелері (келісім шарттардың көшірмесі, ауыл   шаруашылығы өндірісі үшін жер учаскесінің болуы туралы мәліметтер және т.б.);

6) салық органының салық берешегінің жоқтығы (болуы) туралы анықтама.

Бірнеше орынға өтінім беруге қатысқан жағдайда, әрбір орынға жеке өтінім беріледі.

Конкурсты ұйымдастырушы конкурсқа қатысуға тапсырылған өтінімдерде қамтылған мәліметтер және ақпараттың құпиялылығын конверттерді ашқанға дейін оның жабық түрде сақталуын  қамтамасыз етуге міндетті.

Қатысушы өтінімді конкурсқа қатысуға өтінім беру мерзімі аяқталғанға дейін өзгертуге немесе кері қайтарып алуға құқылы.

Конкурстық өтінімдерді ұсынудың соңғы мерзімінен кейін келіп түскен өтінімдер қабылданбайды және оны ұсынған тұлғаларға қайтарылады. Берілген өтінімдерді өзгертуге рұқсат етілмейді.

Конкурстық құжаттама танысу үшін электрондық түрде https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent-enbekshilder?lang=kk ресми сайтында жарияланған.

Конкурстың қорытындысы конкурс комиссиясының отырысы өткеннен кейін 10 жұмыс күні ішінде Шымкент қаласы әкімдігінің https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent-enbekshilder?lang=kk ресми сайтында жарияланады.

 

Шымкент қаласы Еңбекші ауданы аумағында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын сататын сауда нүктелерін орналастыру орындары

№

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын сататын сауда нүктелерін орналастыру орындары

Алатын алаңы         (шаршы метр)

Қызмет саласы

Сауда қызметін жүзеге асыру кезеңі (жыл)

Еңбекші ауданы

1.                    

12 шағынаудан, №223/б уй жаны

30 шаршы метр

Бөлшек сауда (ауыл шаруашылық өнімдерін сату)

1 жыл

2.                    

Тоғыс тұрғын алабы, Мұнайбарлаушылар көшесі 11 үйдің алды

30 шаршы метр

Бөлшек сауда (ауыл шаруашылық өнімдерін сату)

1 жыл

3.                    

Жасдаурен шағынаудан, Құрбан ата көшесі 5 үй сол жаны

30 шаршы метр

Бөлшек сауда (ауыл шаруашылық өнімдерін сату)

1 жыл

4.                    

 Қаратөбе тұрғын алабы, Қапал батыр көшесі, 52 үйдің алды

30 шаршы метр

Бөлшек сауда (ауыл шаруашылық өнімдерін сату)

1 жыл

5.                    

 Базарқақпа тұрғын алабы, Абдулабад көшесі, «Рау» жылыжайының оң жағы

30 шаршы метр

Бөлшек сауда (ауыл шаруашылық өнімдерін сату)

1 жыл

6.                    

 Бадам-2 тұрғын алабы, Ленгір тас жолы, «Мал базары» автобус аялдамасының оң жағы

30 шаршы метр

Бөлшек сауда (ауыл шаруашылық өнімдерін сату)

1 жыл

7.                    

Бадам-1 тұрғын алабы, Леңгір тас жолы көшесі, Жаңақұрылыс көшесінің сол жақ бұрылысы

30 шаршы метр

Бөлшек сауда (ауыл шаруашылық өнімдерін сату)

1 жыл

8.                    

 Азат тұрғын алабы, Ақниет көшесі 1 үй Айс дүкенінің сол жаны

30 шаршы метр

Бөлшек сауда (ауыл шаруашылық өнімдерін сату)

1 жыл

9.                    

Жұлдыз тұрғын алабы, Гагарин көшесі 2 үй оң жаны

30 шаршы метр

Бөлшек сауда (ауыл шаруашылық өнімдерін сату)

1 жыл

10.                

Тоғыс тұрғын алабы, Керуенсарай көшесі «Бейбарыс» жанар-жағармай бекетінің оң жағы

30 шаршы метр

Бөлшек сауда (ауыл шаруашылық өнімдерін сату)

1 жыл

11.                

Жалын тұрғын алабы, Дачная көшесі (Емханаға қарама-қарсы) 

30 шаршы метр

Бөлшек сауда (ауыл шаруашылық өнімдерін сату)

1 жыл

12.                

 Қаратөбе тұрғын алабы, Ленгір тас жолы, «Арка»  аялдамасының оң жағы

30 шаршы метр

Бөлшек сауда (ауыл шаруашылық өнімдерін сату)

1 жыл

           

 

Дата публикации
14 октября 2025