«Шымкент қаласының Еңбекші ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін
анықтау мақсатында жүргізілген ішкі талдаудың
ТАЛДАМАЛЫҚ АНЫҚТАМАСЫ
Шымкент қаласы 2025 жыл 04 маусым
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауға жататын мекеменің атауы: «Шымкент қаласының Еңбекші ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі (әрі қарай - Аппарат).
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің негіздері:
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы №410-Заңы, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығымен бекітілген «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидалары» және Шымкент қаласының Еңбекші ауданы әкімінің 2025 жылғы 11 сәуірдегі №35-н/қ өкімі.