С
2022 жылғы 29 желтоқсанда ҚР Парламент Сенаты «Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы» Заңды мақұлданып кейіннен КР президентімен қол қойылды.
Заң ресми жарияланғаннан кейін 60 күн өткен соң күшіне енеді. Яғни, қарызы бар азаматтар 2023 жылдың наурыз айынан бастап банкроттыққа арыз бере алады.
Заңды іске асыру мақсаттары:
Заң, 3 түрлі – соттан тыс банкроттығы, сот банкроттығы және төлем қабілеттілігін қалпына келтіру рәсімдерін қарастырады.
Барлық үш рәсімді тек борышкер ғана бастайды, яғни несие беруші немесе өзге кредитор борышкерге қатысты бұл рәсімдерді қолдануға құқығы жоқ.
Бірінші рәсім: Соттан тыс банкроттық тек банктер, микроқаржы ұйымдары және коллекторлық агенттіктер алдындағы қарыздар бойынша қолданылуы мүмкін.
Бұл рәсімді қолдану үшін келесі шарттар орын алады:
Сонымен қатар, Заң жобасымен:
Соттан тыс банкроттық «Электрондық үкімет» веб-порталында басталады. Содан кейін ақпараттық жүйе арқылы борышкердің кіру критерийлеріне сәйкестігін анықтау мақсатында мүдделі мемлекеттік және басқа органдардың деректерімен автоматты түрде салыстыру жүргізілетін болады.
Бұл ретте «E-salyg Azamat» қосымшасы, E-gov веб-порталы және ХҚКО АЖ арқылы өтініш беру мүмкіндігі іске асырылды.
Сонымен қатар, Комитет жеке тұлғалардың банкроттықтың ақпараттық жүйесін (БФЛ АЖ), енгізуді қамтамасыз ету бойынша жұмыс жүргізуде:
- қабылданған өтініштерді одан әрі өндеу үшін «E-salyg Azamat» қосымшасы, E-gov веб-порталы және ХҚКО АЖ арқылы;
- 29 мемлекеттік органдар мен ұйымдардың базасымен;
- банкроттық рәсімін қолдану үшін кіріс критерийлеріне сәйкестігін автоматты тексеруді жүзеге асыру үшін екінші деңгейдегі банктер мен кредиттік бюролар.
Өтініштерді автоматтандырылған өндеу алгоритмі келесі схеманы қамтиді:
- борышкер банкроттықтың соттан тыс рәсімін қолдану туралы өтінішті «E-salyg Azamat» қосымшасы, E-gov веб-порталы немесе ХҚКО АЖ арқылы жібереді;
- өтініш МКК (БФЛ АЖ) ақпараттық жүйесіне түседі;
- БФЛ АЖ мемлекеттік органдар мен қаржы ұйымдарының деректерімен салыстыру жүргізеді;
- параметрлерге сәйкес/сәйкес келмеген жағдайда E-gov/ХҚКО АЖ-ға (соттан тыс банкроттық рәсімін қолдану туралы/соттан тыс банкроттық рәсімін қолданудан бас тарту туралы) хабарлама жіберіледі.
5,5 миллион теңгеден асатын қарыздар бойынша және басқа да берешек түрлері бойынша азаматтар сот банкроттығына жүгіне алады.
Сот банкроттығы заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлердің банкроттық рәсіміне ұқсас жүзеге асырылады, оның мақсаты банкроттың мүліктік массасы есебінен кредиторлардың талаптарын барынша қанағаттандыру болып табылады.
Осы рәсім барысында борышкердің мүлкі сатылуға жатады.
Түскен қаражат белгіленген кезектілікке сәйкес кредиторлар алдындағы борыштарды өтеуге жіберіледі.
Егер жалғыз тұрғын үй кепіл заты болып табылса, онда кредитор оны қайтарып алуға құқылы.
Жалғыз баспана кепіл болмаса, кредиторлар оны талап ете алмайды.
Қалған өтелмеген сома, егер борышкердің белгілері болмаса есептен шығаруға жатады.
Сот банкроттығы рәсімін қаржы басқарушылары жүзеге асырады, оның ішінде:
Барлық борышкерлер қаржы басқарушыларының қызметтерін төлей алмайтынын назарға ала отырып, заң жобасында, мүлкі жоқ, әлеуметтік осал топтарына жататын адамдарға мемлекет есебінен ақы төлеу көзделген.
Үшінші рәсім – ол төлем қабілеттілігін қалпына келтіру рәсімі, тұрақты табыс болған жағдайда, қарызды төлеу үшін (5 жылға дейін) сот тәртібімен бөліп төлеу жоспарын алу мүмкіндігін қарастырады.
Сауықтыру жоспары қаржы бақарушымен бірлесіп әзірленіп, сотпен бекітіледі.
Бұл процедураның артықшылығы, кейін адам «банкрот» деген мәртебесін алмайды, сондықтан банкрот үшін көзделген салдар оған қолданылмайды.
Банкроттықтан кейін пайда болатын салдар:
Алимент өндіру, басқа адамның өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды өтеу, сондай-ақ қылмыстық құқық бұзушылықтар үшін келтірілген зиянды өтеу бойынша берешектерді есептен шығарылмайды.
Тағы айта кететін жай:
- банкроттық - бұл қарыз мәселелерін шешудің соңғы шарасы болып табылады;
- бүгін өзіңізді банкрот деп тану - ертең сені сенімсіз адам ретінде тануға ықпал етеді;
- банкроттық - несиелік амнистия болып табылмайды;
- банкроттықтың салдары бірқатар шектеулерге әкеледі.
Негізгі заң жобасынан басқа, 5 Кодекс пен 11 Заңдарға өзгертулерді көздейтін ілеспе заң жобасы қаралды.
Азаматтық кодексіне Қазақстан Республикасының азаматына қатысты төлем қабілеттілігін қалпына келтіру, соттан тыс және сот банкроттығы рәсімдерін қолдануды көздейтін нормалармен толықтырылатын болады.
Азаматтық іс жүргізу кодексінде қамтылған ерекше іс жүргізу тәртібімен қаралатын істер тізбесі азаматтардың төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және сот банкроттығы туралы іспен толықтырылатын болады.
«Микроқаржы ұйымдары туралы», «Банктер және банк қызметі туралы», «Бағалы қағаздар нарығы туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына қаржы басқарушысына азаматтардың мүлкі және міндеттемелері туралы мәліметтер алу құқығын беретін толықтырулар енгізілетін болады.
Сондай-ақ, «Оңалту және банкроттық туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және «Қазақстан Республикасындағы кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы» Заңына нақтылау сипатындағы бірқатар толықтырулар бар.
Сенат депутаттары мақұлдаған үшінші заң жобасы, ол «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзышылық туралы кодексіне Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін және банкроттықты қалпына келтіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы».
Заң жобасының мақсаты – заң нормаларын бұзғаны үшін тиісті әкімшілік жауапкершілігін белгілеу.
Мысалы - азаматтың кредиторлар алдында өзінің міндеттемелерін орындаудан жалтару мақсатында банкроттық туралы арызбен әдейі өтініші үшін көлемінде айыппұл көзделген;
- сондай – ақ соттан тыс банкроттық, төлем қабылеттілігін қалпына келтіру және сот банкроттығы шеңберінде жалған мәліметтер бергені немесе мүлікті (ол туралы ақпаратты) жасырғаны үшін көзделген;
Сонымен қатар, сот банкроттығы және төлем қабілеттілігін қалпына келтіру рәсімдерінің тәртібін бұзғаны үшін қаржы басқарушысына жауапкершілік енгізіледі.
Жалпы, ұсынылып отырған нормалар осы саладағы заңды қатаң сақтауға бағытталған.