КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАР АРАСЫНДА ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ІС-ШАРА ЖОСПАРЫ

Кәмелетке толмағандар яғни мектеп оқушылары мен студенттер арасында құқық бұзушылық пен нашақорлықты алдын алу мақсатында аудан әкімімен 2025-2026 оқу жылына арналған іс-шара жоспары бекітілген.

 Аталған іс-шаралар жоспарына сәйкес ауданда орналасқан мемлекеттік және жекеменшік колледждер мен мектептерде жалпы 71 семинар-кеңестер өткізілді.

Сонымен қатар 2026-2027 оқу жылына іс-шаралар жоспары қайта бекітіліп, бүгінгі таңда 11 кездесу өткізілді.

Кездесуге келісілген мекмелерден мамандар қатысып, жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың, нашақорлықтың алдын алу, діни сауаттылық, қоғамдық тәртіпті сақтау, буллинг пен әлімжеттіктің зияны мен түнгі уақытта заңды өкілінсіз жүрудің салдары жөнінде кеңінен тиісті түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Жиынға төмендегідей мекемелер қатысты:

  • Еңбекші ауданы әкімі аппаратының мамандары;
  • Еңбекші ауданы прокуратурасының прокурорлары;
  • Еңбекші аудандық полиция басқармаларының инспекторлары;
  • Шымкент қаласының психикалық орталығының нарколог-дәрігерлері;
  • Шымкент қаласының ішкі саясат және дін істері басқармасына қарасты орталықтың теолог мамандары;
  • Шымкент қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасына қарасты спорт мектептерінің спортшылары.

 

Іс-шараның мақсаты – құқық бұзушылықтың алдын алу, жасөспірімдердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету және олардың қоғамдағы жауапкершілігін арттыру.

Дата публикации
06 октября 2026