
Индустриялық-инновациялық даму, шағын және орта кәсіпкерлік
Аудан аумағында 212 өндірістік өнеркәсіп орындары орналасқан. Оның ішінде 2019 жылы үдемелі индустриялды-инновациялық даму бағдарламасы аясында «Оңтүстік» индустриалды және «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймақтарында құны 4 193,0 млн теңгені құрайтын 5 өндірістік кәсіпорын 140-нан астам жаңа жұмыс орындарымен іске қосылды және 1 500,0 млн. теңгеден астам жеке инвестиция негізінде 1 сауда үйі, 1 демалыс аймағы ашылды.
Шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау мақсатында, аудан әкімі аппаратының ұйымдастыруымен төмендетілген пайызбен несие беретін мекеме мамандарының қатысуымен жеке кәсіпкерлер мен кәсіпкерлікке ынталы азаматтарға 2 семинар-кеңес, 6 жиналыс өткізіліп, кәсіпкерлікті дамыту бойынша төмендетілген пайызбен несие алу бойынша түсіндірілді.
Әлеуметтік маңызы бар тауарлардың тұтыну
бағасын тұрақтандыру
Аудандағы 1 базар мен 13 үлкен сауда үйлерінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлар бағаларын тұрақтандыру мақсатында тұрақты мониторинг жүргізіледі. Базар және үлкен сауда үйлерінің басшыларына бағаны негізсіз өсірмеу туралы түсіндіру жұмыстары тұрақты жүргізілуде.
«Айна» базарының автотұрағында тұрақтандыру қоры арқылы төмендетілген бағада қажеттілігіне қарай бірінші қажетті азық-түлік өнімдері (картоп, пияз, сәбіз, рошки, күріш, шекер, ұн) сатылуда. «Әсел» базарының алдындағы автотұрақта әр жексенбі күні және «Фосфоршылар» үйінің алдында әр сәрсенбі күні отандық тауар өндірушілерді қатыстыра отырып, жәрмеңке өткізілуде.
Заңсыз сауда орындарын жою
Аудан әкімінің 2019 жылға бекіткен жұмыс кестесіне сәйкес аудан әкімі аппаратының мамандары, Шымкент қаласының жер қатынастары, аудандық мемлекеттік кірістер басқармасы, аудандық жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің қызметкерлерімен бірлесе 2019 жылы 87 рейдтік іс-шаралар ұйымдастырды. Нәтижесінде, Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексінің 204-бабына сәйкес аудандық жергілікті полиция қызметі бөлімшесі тарапынан заңсыз сауда жасаушы азаматтарға 796 хаттама толтырылып, 353 500 теңге айыппұл салынды.
2019 жылы аудан аумағында заңсыз орналасқан 4 дүңгіршек, бақша және басқа да өнімдер бойынша 117 заңсыз сауда орындары жойылып, құрылыс материалдарын сататын 49 сауда орындары ретке келтірілді.
Заңсыз жарнамаларды жою
Қазақстан Республикасының «Жарнама туралы» Заңына және аудан әкімі аппаратының 2019 жылға бекітілген жұмыс кестесіне сәйкес аудан әкімі аппаратының мамандары Шымкент қалалық сәулет және қала құрылысы, аудандық мемлекеттік кірістер басқармасы мамандарының, аудандық жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің қызметкерлерімен бірлесе 2019 жылы 91 рейдтік іс-шара ұйымдастырылды. Нәтижесінде 451 заңсыз жарнама (плакаттар) мен 127 штендерлер, жалпы саны 578 заңсыз жарнамалар жойылды.
Рейд барысында коммерциялық құрылым иелеріне жарнамаларын заңдастыру жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Салық туралы
Әлеуметтік мәселелерді шешу үшін бірінші кезекте қаржы мәселесі шешілуі тиіс. Аудан бойынша бюджет түсімдері жылдан жылға ұлғаюда. Жергілікті бюджетке 46 961,7 млн. теңге жиналып, 2018 жылмен салыстырғанда 36,7% артты.