
Инфрақұрылым және көріктендіру
Аудан аумағын инженерлік жүйелермен қамтамасыз ету мақсатында қамтылмаған аумақтардың сызбасы мен анықтамалары Шымкент қалалық энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасына тапсырылып, нәтижесінде басқарма тарапынан қамтылмаған абоненттерді қамту мақсатында техникалық шарттар мен сәулет жоспарлау тапсырмасын әзірлеуде. Сонымен қатар, аудан аумағындағы тұрғын алаптардағы өзекті мәселелер және оларды шешу жолдары бойынша 2019-2022 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары келісілді.
Ауыз сумен қамтамасыз ету:
Қамтылғаны 92,5%(61291 аб.), қамтылмағаны 7,5%(4953 аб.).
- Бадам тұрғын алабының ауыз су жүйелерінің құрылысына ЖСҚ әзірленіп, (жоба 301,24 млн. теңге) 2020 жылға қаржы бөлінді.
- Бадам-1, Бадам-2 тұрғын алаптарына (жоба құны 196,5 млн. 2019 жылға 1 млн. теңге) құрылыс жұмыстарын «Лидер строй проект 2002» ЖШС-і бастады. Нысан 2020 жылға өтпелі.
- Базарқақпа тұрғын алабынбында «Ынтымақ бес Арыс» ЖШС-і, Тұрдыабат тұрғын алабынбында «Омега строй» ЖШС-і, Абдуллабат тұрғын алабынбында «Авто рем строй ЛТД» ЖШС-і ауыз су жүйелерінің ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізді.
- Базарқақпа (2-ші кезек), Абдуллабат (2-ші кезек), Бадам-1, Жыланбұзған, Тоғыс, Айнатас, тұрғын алабтарының ауыз су жүйелеріне ағымдағы жөндеу жұмыстарына жобалық сметалық есептері әзірленуде.
Электр жарығымен қамтамасыз ету:
Мемлекеттік жүйе 88,1%(58358 аб.), жекеменшік жүйе 7,0% (8658 аб.), қамтылмағаны 4,9%(3228 аб.).
-Тоғыс тұрғын алабында 24 көпқабатты үйлерге және Шаттық, Тәуелсіздік, Жаңақұрылыс көшелеріндегі жүйелерді қайта құру жұмыстарын (жоба құны 254,2 млн. құрылыс құны 165,34 млн. теңге) «Қуат құрылыс» ЖШС-ы жүргізді. Нысан пайдалануға тапсырылды.
- Бадам тұрғын алабында (195 орам) электр жүйелерінің құрылыс жұмыстарын «Омега строй» ЖШС-і (жоба құны 255,3 млн.,шарттың құны 220,7 млн. теңге) жүргізіліп, абоненттеу жұмыстары атқарылуда.
- Жыланбұзған, Базарқақпа, Қарабастау, Бадам-1 тұрғын алаптарына электр жүйелерінің құрылыс жұмыстарын «А.Мерей и К» ЖШС-і (жоба құны 581,72 млн. 2019 жылға 250 млн. теңге) жүргізуде. Нысан 2020 жылға өтпелі.
- Жұлдыз, Жалын тұрғын алабтарын электр жүйесімен қамтамасыз ету мақсатында ЖСҚ (жоба әзірлеу құны 10,08 млн. теңге) әзірленіп, сараптамаға тапсырылды.
Табиғи газбен қамтамасыз ету:
- Бадам тұрғын алабына "Строй Проект-Инвентаризация" ЖШС-і ЖСҚ әзірледі.(Жоба құны 344,4 млн.) Құрылысына 2020 жылға қаржы бөлінді.
Кәріз жүйелерімен қамтамасыз ету:
- Тоғыс тұрғын алабында «Торлан құрылыс» ЖШС-ы құрылыс монтаждау жұмыстарын жүргізіп (Жоба құны 276,5 млн., шарт құны 226,3 млн. теңге), пайдалануға тапсырды;
- Ұлағат, Мирас, Шапағат-2, Солтүстік шығыс шағынаудандарына «Форс проект» ЖШС кәріз жүйесімен қамтамасыз ету үшін ЖСҚ әзірлеуде.(жоба әзірлеу құны 54,7 млн. теңге). Нысан 2020 жылға өтпелі.
Автожолдар және аяқ жолдар.
Ауданда ұзындығы 613,17км. құрайтын 611 даңғылдар, көшелер мен өткелдер орналасқан.
Аудан бойынша жолдарға жөндеу жұмыстарын қажет ететін шағынаудандар мен тұрғын алаптарға зерделеу жұмыстары жүргізіліп, тұрақты түрде қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасына ұсыныстар жолданады. Нәтижесінде 2019 жылы 167,8 млн. теңге қаржы бөлініп, 8,74 шқ асфальттау жұмыстары жүргізілді. (Рысқұлбеков, Нысанбайұлы, Момышұлы, Жұманұлы, Көктал, Ягодная, Қалмырзаев, Данов, Шапағат, Халықтар достығы, Майбұлақ, Тленшин көшелері).
- Бадам шағынауданындағы 9 көшеге және «Оңтүстік» шағынауданындағы Еламан көшесіне ЖСҚ-ға сәйкес құрылыс құны 366 млн. теңге құрайды, 2019 жылы 50 млн. теңге бөлініп, Сарыарқа, Жаңару Үшқұдық, Үшқұдық-2, Керемет, Өнеге көшелерінде асфальт қабатын төсеу жұмыстары жүргізілді. Нысан 2020 жылға өтпелі.
- Базарқақпа тұрғын алабында Абдуллабад және Ю.Сареми көшелері Түркістан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы тарапынан күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Құрылыс құны 1 724 млн. тенге. Нысан 2020 жылға өтпелі.
-Сонымен қатар, аудан аумағында 26,4 шақырым шағал тас төсеу жұмыстары жүргізілді.
Көпірлер
-Бадам-2 тұрғын алабындағы көпірдің құрылыс жұмыстарына қаржы бөлініп, «Корпорация Береке-А» ЖШС-і«Бадам» өзенінен өтетін көпірдің құрылыс жұмыстарын жүргізді. (Жоба құны 1 161 млн. теңге.)
-Қарабастау тұрғын алабына өтетін «Бадам» өзенінің үстіндегі көпірге қайта құру жұмыстарын «Арт құрылыс» ЖШС-і жүргізуде. (Жоба құны 607,509 млн. теңге.)
-Маятас тұрғын алабындағы «Бадам» өзенінің үстінен өтетін көпірге жобалық сметалық құжаттары әзірленіп, сараптама қорытындысы алынды. (Жоба құны 159,51 млн.)
-Тоғыс тұрғын алабындағы «Бадам» өзенінің үстінен өтетін көпірге ЖСҚ әзірленіп, сараптама қорытындысы алынды. (Жоба құны 151,416 млн.)
-Ленгер тас жолындағы «Сайрам су» өзенінің үстінен өтетін көпірді қайта құру жұмыстарын «Корпорация Береке-А» ЖШС-і жүргізуде. (Жоба құны 433,87 млн. 2019 бөлінген қаржы 200 млн. теңге). Нысан 2020 жылға өтпелі.
Аумақтарды абаттандыру және жарықтандыру
Абаттандыру:
- 2019 жылға «Шымкент қаласы Еңбекші ауданы аумағындағы балалар, спорт және жаттығу алаңшаларын абаттандыру мен күтіп ұстау» мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын «STRONG SERVISE» ЖШС-і іске асырды. Тартылған инвестиция құны – 1млрд. 210,9 млн. теңге. Бұл жобада 20 көпқабатты тұрғын үй аулаларына 13, тұрғын алабтарда 4 балалар ойын алаңшасын орнату, 33 ашық спорт, 13 воркаут және тренажер алаңшаларын орнату, 24 ашық спорт және 8 тренажер алаңшаларын жөндеуден өткізу жұмыстары атқарылды.
Жарықтандыру: Ж.Алдияров, Жанқожа батыр, Пшеничных, Н.Төреқұлов, Ж.Нұрлыбаев, Бекет батыр, Жамалов, Жанаров, Мұнайбарлаушылар, Бахриз Рамиз көшелеріне жарықтандыру жұмыстарын жүргізуге ЖСҚ әзірленді, 2020 жылға қаржы бөлінді.
Суағар арықтар (ирригация): Аудан аумағындағы 6 нысанда ирригация жүйелеріне «Старт строй» ЖШС-і құрылыс жұмыстарын жүргізілді.(Жоба құны 36,9 млн. теңге, 157 метр)
-18 шағынауданы №№14,15,16,17,20 (652 метр);
-«Күншығыс» шағынауданы №106 үй (240 метр);
-Жанкожа батыр көшесі (155 метр Безделев-Түркістан көшелерінің қиылысы);
-Мельникайте көшесі (Казбакалейторг аумағы 140 метр).
- Ж.Алдияров, Жанқожа батыр көшелері (330 метр).