Меню

Ұялы байланыс
Бекітілген байланыс
Пошта байланысы
Ұялы байланыс сапасын тексеру
Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру
Байланыс саласындағы жаңа технологиялар мен инфрақұрылымды дамыту
Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат
Әлеуметтік көмек

Әлеуметтік көмек көрсету

ҚР «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» Заңына сәйкес мұқтаждық деңгейін анықтау үшін аудан әкімі аппаратында құзырлы мекеме мамандарының қатысуымен 4 семинар-кеңестер өткізілді.

Сонымен қатар, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмектің шартты және шартсыз түрлерін тұрғындарға кеңінен түсіндіру мақсатында арнайы іс-шара жоспары бекітіліп, №31, 34, 96,120, 127 және Шымкент қаласының №7 емханасының ғимараттарында  көпбалалы аналар мен аз қамтылған аналар арасында түсіндіру жұмыстары өткізілді.

2019 жылдың І тоқсанында мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекке үміткер 1281 отбасының 1106-на «мұқтаж» деген қорытындылар берілді.

Ал 2019 жылдың сәуір айынан бастап бүгінгі күнге дейін атаулы әлеуметтік көмекке 16683 отбасы өтініш білдірді. Оның ішінде 14347-не «мұқтаж» деген қорытынды берілді. Жалпы жыл басынан бері 17964 отбасының құжаттары қаралды.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 21.05.2013 жылғы «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік  қағидаларын бекіту туралы» №504 қаулысына және Шымкент қалалық мәслихатының  29.03.2019 жылғы №47/369-6с шешіміне сәйкес, бір реттік әлеуметтік көмек алуға тапсырған 491 отбасының 434-не «мұқтаж» деген қорытынды берілді.

Шымкент қаласы бойынша мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қолжетімді орта құруға кәсіпкерлерді жұмылдыру мақсатында, ауданда жұмысшы тобы құрылды. Аталған жұмысшы топ, ауданда орналасқан мекемелер мен коммерциялық нысандарға мониторинг жұмыстарын жүргізіп, 69-көшеде, 18 шағынаудандар мен Жұлдыз, Қаратөбе, Қазығұрт аумақтардағы орналасқан 1535 мекемелер мен коммерциялық нысандардың басшыларына мүмкіндігі шектеулі азаматтардың қол жетімділігін жақсарту бағытында құрылғылармен қамтамасыз ету  жөнінде  түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Нәтижесінде, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға әлеуметтік инфрақұрылымдық қол жетімділікті қамтамасыз ету жөніндегі коммерция иелерімен түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, 130-на пандус және  137-не арнайы қоңырау белгілері орнатылды.

 

Діни экстремизмнің, нашақорлықтың алдын алу

Діни экстремизмнің керағар діни ағымдар мен секталар іс-әрекетінің алдын алу мақсатында тұрғындар, студенттер мен оқушылар арасында 108 кездесу өткізілді.

«Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрестің  2019 жылға арналған іс-шаралар» жоспарына сәйкес оқушылар мен студенттер арасында 98 түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Кездесуде 17000-нан астам адам қамтылды.  

 

Жасөспірімдер арасында қылмыстылықтың және құқық бұзушылықтың алдын алу

Аудан әкімінің, аудан прокурорының, «NurOtan» партиясының аудандық филиалының, аудандық полиция және қалалық білім басқармаларының бірлескен бұйрығына сәйкес құрылған 8 мобильдік топ 98 семинар-кеңестер өткізді.

Жасөспірімдердің түнгі уақытта ойын-сауық орындарында болуына жол бермеу, қылмыстылықтың алдын алу мақсатында 75 түнгі рейд ұйымдастырып, ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексіне сәйкес  920 хаттама  толтырылды. Оның  ішінде:  791 ата-анаға ескерту, 24 ата-анаға айыппұл және 18 ойынхана иелеріне хаттама толтырылып, 9-ы сот шешімімен қысқартылып, ал қалған 9 кәсіпкерлерге 359 813 теңгеге айыппұл салынды.

 

Білім саласы

Шаңырақ  шағынауданында 600 орындық мектептің құрылыс жұмыстары аяқталып, пайдалануға берілді.

№63 мектепке спорт зал, асхана, шеберхана және Абдулабад тұрғын алабындағы №101 мектепке қосымша 300 орындық құрылыс жұмыстарына  қаржы бөлініп, «Отан ЛТД» және «Отырабат Құрылыс» ЖШС-тері құрылыс жұмыстарын жүргізуде. Нысандарды 2020 жылы пайдалануға беру жоспарланған.

         

 

Отбасылық демографиялық саясат

Аудан әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссиясы «Нұр Отан» партиясының аудандық филиалы және «Ару Аналар» қоғамдық бірлестігі, «Аналар кеңесі» және аудандық әжелер алқасының мүшелерімен бірлесе «Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы», «Отбасылық тәрбие», «Бақытты болу өз қолыңда», «Адам саудасының құрбаны болмаудың жолдары» тақырыптарында оқушылар мен студенттер арасында 37 семинар-кеңестер өткізді.

Ауданда жалпы 580 ана «Алтын алқа», 1571 ана «Күміс алқа» алқаларымен марапатталған. 2019 жылы 19 анаға «Алтын алқа»,  63 анаға «Күміс алқа» алқалары салтанатты түрде табысталды.

Документы
Новости
Полезные материалы
Әлеуметтік көмек
Медиагалерея
События
Реализуемые проекты
Услуги
Организации
Часто задаваемые вопросы

Социальные медиа

Instagram
Facebook

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы