
Аумақты көріктендіру және санитарлық тазалық
Ауданды көріктендіру, көгалдандыру – бұл, аудан тұрғындарына қолайлы орта жасау және қонақтардың жақсы көз-қарастарын қалыптастыру үшін көңіл аударатын ең басты мақсатымыздың бірі болып табылады.
Аудан аумағындағы санитарлық тазалық жұмыстарын мердігер мекемелер «Ақсемсер-Строй Сервис», «Арнаулы автокөлік», «Нұр-Сат» ЖШС-лары, «Байтерек-Л.Б.», «Income» ЖШС-лары көпқабатты секторда аптасына 3 рет, ал жеке секторда аптасына 2 рет жүргізді. Аталған мекеме қалалық қоқыс полигонына 6366м3 қоқыс шығарып, 505км ирригациялық жүйелер тазаланды. Қала әкімінің тапсырмасына сәйкес, негізгі көшелердің бойында орналасқан 51 жеке тұрғын үйлер мен 28 коммерциялық нысандардың қасбеттері, қоршаулары ретке келтіріліп және жол бойындағы тас үйінділерін тегістеу жұмыстары жүргізіліп, орындалды.
Ауданда орналасқан мекемелерге, кәсіпорындарға бекітілген аумақтарында санитарлық тазалау жұмыстарын ұйымдастыру үшін 7 қалалық, 3 аудандық сенбіліктер өткізілді. Сенбіліктерге 24100 астам адам қатысып, 72 автокөлік тартылды, 39,4 шақырым аяқжолдар тазаланып, қалалық қоқыс полигонына 267м³ қоқыс шығарылды.
Есепті кезеңде «Нөлдік төзімділік» қағидасының орындалуы бойынша аудандық ЖПҚБ-ның учаскелік полиция инспекторлары тарапынан ҚР ӘҚБтК-ның 434 бабы бойынша 110 хаттама толтырылып, оның ішінде 1 132 463 теңге айыппұл салынып, өндірілген. Сонымен қатар, Шымкент қаласы Еңбекші ауданы тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасы тарапынан барлығы 295 азаматқа 30 187 125 теңге айыппұл салынып, 28 974 375 теңге өндірілген.
«Таза қала» акциясы
2019 жылы Шымкент қаласы әкімдігі мен «Шымкент қаласының Азаматтық Альянсы қауымдастығының ұйымдастыруымен өткізіліп жатқан «Таза қала» акциясына аудан бойынша «Үлгілі аула» номинациясына 53 көпқабатты тұрғын үй, «Үлгілі көше» және «Үлгілі аудан» номинациясына жеке секторда орналасқан 23 көше комитеттері өтінім білдірді.
Конкурс нәтижесінде көпқабатты тұрғын үйлер бойынша жеңімпаздар:
І орын – 16 ш/а №54 үй, ІІ орын – «Теріскей» ш/а №43 үй, ІІІ орын – Ш.Уәлиханов №190А үй, жеке сектор бойынша: І орын – Аблязимов көшесі, ІІ орын –«Ұлағат» ш/а Айдын көшесі, ІІІ орын – Тоғыс т/а Ж.Арзымбетов көшесі көшесі.
Ынталандыру сыйлықтары бойынша: 18 ш/а №№62,64 үйлер, «Теріскей» ш/а №49 үй, Түркістан көшесінің тұрғындары иеленді.
Сонымен қатар, «Таза қала» акциясының қорытындысымен Еңбекші ауданы «Үздік аудан» номинациясының иегері болды.
Тұрғын үй, коммуналдық-шаруашылық мәселелері
Аудан бойынша 2019 жылы «Өңірлерді дамыту-2020 жылға дейінгі» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мақсатында көпқабатты тұрғын үй тұрғындарының қатысуымен жиналыстар өткізіліп, нәтижесінде 35 көпқабатты тұрғын үйлердің тізімі «Тұрғын үй Шымкент» ЖШС-ы мен Шымкент қаласының тұрғын үй және тұрғын үй қатынастары басқармасына ұсынылып, 6 көпқабатты тұрғын үйлерге («Күншығыс» №№2,95, Қ.Сарымолдаев №1Б, Қаратөбе тас жолы №№38,42, Ш.Уалиханов №190А) күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Жылумен қамтамасыз ету
Аудандағы 528 көпқабатты тұрғын үйлер орталықтандырылған жылумен қамтамасыз етілген. 2019-2020ж.ж. қысқы жылу маусымына көпқабатты тұрғын үйлерді сапалы және уақытылы дайындау мақсатында аудандық жұмыс штабы құрылды. «Қуат жылу орталық-3» МКК-мен бірлесе тұрғын үйлерді қысқа дайындау іс-шарасы бекітілді. Бекітілген іс-шара жоспарына сәйкес, әр үйде жиналыс ұйымдастырылып, тұрғындар арасында кіреберіс есіктерді, жертөлелерді тазалау, түтін тартқыштарды тазалау туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Ауданда қызмет көрсететін 12 сервистік компаниялар («Теплокомсервис», «Thallos», «Шымкент Элит Сервис», «СпецКомплектСервис», «Қуатжылусервис», «Абико компания», «Нұр-Арыстан», «Nur-D» ЖШС-лары және «Молиз», «Шоманбаев» «Аскар», «Аширбеков» ЖК-рі) көпқабатты үйлердің тұрғындарымен тұрғын үй инженерлік жүйелерін 2019-2020ж.ж. қысқы жылу маусымына дайындау мақсатында 404 келісім-шарттар түзілді. Қалған 124 үй қысқы жылу маусымына өз күштерімен дайындалды.
Аудан аумағындағы көпқабатты тұрғын үйлерді қысқы 2019-2020ж.ж. жылу маусымына дайындау мақсатында тұрғындармен 316 жиналыс, сервистік компаниялармен 3 дөңгелек үстел өткізілді және тұрғындар өз тараптарынан жұмыс жүргізбейтін, яғни қиын үйлер бойынша аудан мамандары БАҚ өкілдерімен бірлесе жасалған 4 репортаж телеарналарда көрсетілді.
Тұрғын үй секторындағы өрт қауіпсіздігі
2019-2020ж.ж. жылдың қысқы жылу маусымында аудан аумағында орналасқан жеке жылу беру жүйелерін қолданатын көпқабатты және жеке тұрғын үйлерде құрылғыларды қауіпсіз пайдаланып, газбен уланудың алдын алу және тұрмыстық өрт қауіпсіздігін сақтау мақсатында Еңбекші ауданы әкімі аппаратының мамандары, Еңбекші ауданы Төтенше Жағдайлар бөлімінің қызметкерлері, Еңбекші аудандық полиция басқармасы, «ҚазТрансГазАймақ» АҚ-ы мамандары «Отырар», «NAR-TV», «Оңтүстік» телеарналарының тілшілерімен бірлесе тұрғындар арасында рейдтік іс-шаралар өткізіп, түсіндіру жұмыстары жүргізілді және «Жылу беру маусымындағы қауіпсіздік», «Үйлеріңізді өрттен сақтаңыздар!», «Тұрғын үйіңізді өрттен қорғаңыз!» тақырыбындағы жадынамалар таратылып, плакаттар ілінді.
Сонымен қатар, газбен уланудың алдын алу және өрт қауіпсіздігін сақтау бойынша тұрғындармен профилактикалық жиналыс өткізудің іс-шара жоспары бекітіліп үй комитеті төрайымдары, тұрғындары және мектеп оқушыларымен «Қауіпсіз қала – тұрғындардың саулығының кепілі» тақырыбында Еңбекші ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің, «ҚазТрансГазАймақ» АҚ-ның мамандарымен бірлесе 8 жиналыс өткізіліп, жадынамалар таратылды.
2019 жылға «Шымкент қаласының жекелеген аумақтық бірліктері бойынша (шағынаудан, тұрғын алаптар) 2017-2021 жылдар аралығында сейсмикалық жаттығуларды өткізуді ұйымдастыру туралы» перспективалық жоспарға сәйкес жер сілкінісі орын алған жағдайда халықты іс-әрекеттерге дайындау мақсатында аудан аумағында 7 сейсмикалық оқу-жаттығуы өткізілді.