Бюджеттік бағдарламалар

388 001 «Жергілікті деңгейде көші-қон және еңбек қатынастарын реттеу саласында мемлекеттік саясатты іске асыру бойынша қызметтер» бюджеттік бағдарламасы бойынша жалпы 74 477,0 мың теңге жоспарлаған. Оның ішінде, жергілікті бюджет есебінен 73 219 мың тг., 2019 жылдың 1 маусымынан бастап бюджеттік мекемелердің жеке қызметкерлерінің жалақысының 30%-ға дейін өсуіне байланысты, республикалық бюджет трансферттері есебінен 1 258,0 мың тг. жоспарлаған. Жоспарланған қаржының 74 470,1 мың тг. игерілді (99,9%). Игерілмеген 6,9 мың тг. дөңгелектеу нәтижесінен үнемделді.

Тікелей нәтиже:

- Шымкент қаласының еңбек инспекциясы және көші-қон басқармасының 12 мемлекеттік әкімшілік қызметкерлерін қажеттіліктермен қамтамасыз ету;

- Шымкент қаласының еңбек инспекциясы және көші-қон басқармасының 11 штаттан тыс қызметкерлерін қажеттіліктермен қамтамасыз ету;

Бюджеттік бағдарлама бойынша тікелей және түпкілікті нәтижеге қол жеткізген.

Бағдарлама бойынша байланыс қызметінен дебиторлық берешек 74,4 мың тг. құраса, жыл соңында дебиторлық берешек 49,1 мың тг. құраған. Кредиторлық берешек қалыптаспаған.

388 003 «Мемлекеттік органның күрделі шығыстары» бюджеттік бағдарламасы бойынша 1 463,0 мың теңге жоспарланып, жоспарланған қаржы толық (100%) игерілген.

Тікелей нәтиже:

- 6 жинақ компьютер құрылғысын сатып алу;

Бюджеттік бағдарлама бойынша тікелей және түпкілікті нәтижеге қол жеткізген.

Бағдарлама бойынша дебиторлық, кредиторлық берешек қалыптаспаған.

2019 жылы 388 «Шымкент қаласының еңбек инспекциясы және көші-қон басқармасы» ММ бюджеттік бағдарламасы әкімішісі 388 004 «Жергілікті деңгейде көші-қон іс-шараларын іске асыру» бюджеттік бағдарламасы бойынша «Орталықта уақытша тұратын оралмандар мен олардың отбасы мүшелеріне Қазақстан Республикасының тарихын, мәдениеті мен салт-дәстүрін, мемлекеттік және орыс тілдерін оқыту, құқықтық қызмет көрсету» тікелей нәтиже көрсеткіші 170 бірлік саны жоспарлаған болатын. Аталған жоспардың, іс жүзінде 83 бірлік саны орындалған. Орындалмау себебі, «Шымкент республикалық маңызы бар қаланың болуы себебінен, оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасы мен қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасы болмауынан оралмандар саны азаюда». Жоспарланған қаржы 33 028,0 мың теңге. Бөлінген қаржының 33 027,2 мың теңгесі игеріліп, игерілу 99,9% құрады. Жуықталу есебінен 0,8 мың тг. үнемделген.

 

Дата публикации
28 февраля 2020