GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Басқарма туралы
Баспасөз орталығы
Құжаттар
Қызметі
Байланыс ақпараты
Онлайн қабылдау
Все материалы
12 октября 2026
МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ ТАПСЫРМАСЫ: ШЫМКЕНТТЕ ЖАҢА ЖОЛАЙРЫҚ АШЫЛДЫ

Шымкент қаласындағы Бәйдібек би даңғылы мен Төлеметов көшесінің қиылысында жаңа жол-көлік айырығы ашылды. Ашылу салтанатына қала әкімі Ғабит Сыздықбеков қатысты.

Еске сала кетейік, нысанның құрылысы өткен жылдың соңында Мемлекет басшысының мегаполистің көлік инфрақұрылымын дамыту жөніндегі тапсырмасын орындау аясында басталған болатын.

Бүгін эстакада арқылы көлік қозғалысы іске қосылды. Қазіргі таңда мұнда негізгі құрылыс аяқталып, жол белгілері мен таңбалары салынды. Эстакаданың ашылуы қаланың көлік қозғалысы тығыз учаскелерінің бірінде жол қозғалысын реттеуге бағытталған жобаны іске асырудағы маңызды кезең болды.

Қала әкімі жол инфрақұрылымын дамыту Шымкенттің қажеттілігіне сай жүргізілуі тиіс екенін атап өтті. Заманауи көлік шешімдері кептелістерді азайтуға, тұрғындардың қатынауын жеңілдетуге және қала аудандары арасындағы байланысты жақсартуға бағытталған.

Қазіргі уақытта жолайырықтың төменгі деңгейінде айналма қозғалысты және оң жақ өткел тармақтарын, сондай-ақ, жерасты жаяу жүргіншілер өткелдерін абаттандыру жұмысы жалғасуда.

Іргелес аумақты абаттандыруды қоса алғанда барлық жұмысты жылдың соңына дейін аяқтау жоспарланып отыр. Жобаның жүзеге асырылуы осы учаскедегі жол қозғалысын жетілдіруге, жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер үшін қолайлы жағдай жасауға мүмкіндік береді.

02 октября 2026
ШЫМКЕНТТІҢ СПОРТШЫЛАРЫ АЗИЯ ОЙЫНДАРЫНДА БІР КҮНДЕ ҚОС ҚОЛА ЖҮЛДЕ АЛДЫ

ХХ жазғы Азия ойындарында Шымкент қаласының спортшылары жанкүйерлерге кезекті қуаныш сыйлады. Грек-рим күресінен Мейіржан Шермаханбет пен Махмұд Сабырхан ел қоржынына екі қола жүлде салды.

67 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Мейіржан алғашқы белдесуінде ирандық қарсыласын – 14:5, екінші айналымда Оңтүстік Корея спортшысын 5:4 есебімен жеңді. Жартылай финалда жапон балуанына есе жіберген жерлесіміз қола медаль үшін белдесуде моңғолиялық Намсрай Батбаярды 11:0 есебімен мерзімінен бұрын жеңіп, Азия ойындарының қола жүлдесін иеленді.

Бұл – Мейіржан Шермаханбеттің Азия ойындарындағы екінші жүлдесі. Ол 2023 жылғы Ханчжоу Азия ойындарында күміс медаль жеңіп алған болатын.

Ал 55 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен екі дүркін әлем чемпионы Махмұд Сабырхан да Шымкент қоржынына қола жүлде қосты. Махмұд алғашқы кездесуінде ирандық қарсыласын – 5:0, екінші белдесуінде Оңтүстік Корея спортшысын 3:1 есебімен жеңіп, жартылай финалға жолдама алды.

Жартылай финалда жерлесіміз Токио Олимпиадасының күміс жүлдегері Карло Пааламмен кездесіп, тартысты өткен белдесуде 2:3 есебімен есе жіберді.

22 сентября 2026
АППАРАТ ОТЫРЫСЫ

Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбековтің төрағалығымен аппараттық кеңес өтті. Жиында тұрғындармен өткізілген көшпелі кездесулердің қорытындылары, көліктегі бақылау және ауыр салмақты көліктерді бақылауды автоматтандыру, сондай-ақ, мал шаруашылығы саласындағы мемлекеттік бақылау мен ветеринариялық-санитариялық қолайлы жағдайды қамтамасыз ету мәселелері қаралды.

16 сентября 2026
Шымкент қаласының 2026 жылдың қаңтар-тамыз айларының қорытындысы бойынша әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері туралы мәлімет

Өнеркәсіп өнімінің көлемі 1 125,9 млрд теңгені құрап, 12,4%-ға артты. Оның ішінде, өңдеу өнеркәсібі – 11,7% құрады (989,6 млрд тг.).

Негізгі капиталға бағытталған инвестиция көлемі 500,3 млрд теңгені құрады, немесе 1,3%-ға өсті.

Құрылыс жұмыстарының көлемі 191,0 млрд теңгені құрап, 13,9%-ға артты.

Пайдалануға берілген тұрғын үй көлемі 708,9 мың шаршы метрді құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 8,2%-ға өсті. Оның 138,2  мың ш.м. жеке тұрғын үй құрылысы немесе 19,5%.

Жалпы сауда көлемі 3 097,1 млрд теңгені құрап,
27,5%-ға артты.

Оның ішінде бөлшек сауда – 908,2 млрд тг. (НКИ – 106,6%), көтерме сауда  – 2 183,0 млрд тг. (НКИ – 138,9%).

Көлік қызметі 322,3 млрд теңгені құрады немесе өсім 17,0%.

Байланыс қызметі 10,6 млрд теңгені құрап, 10,2%-ға артты.

14 сентября 2026
ҚАЗАҚСТАНДА АЛҒАШҚЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» КІТАП ОҚУ МАРАФОНЫНА ТІРКЕЛУ БАСТАЛДЫ

 Қазақстанда алғашқы республикалық «Кітап оқитын ұлт» кітап оқу марафонына тіркелу басталды. Жоба еліміздің барлық өңірінен қатысушыларды біріктіріп, кітап оқуды насихаттау мен оқу мәдениетін дамытуға бағытталған ең ауқымды ұлттық бастамалардың біріне айналмақ.

10 сентября 2026
Құрметті қала тұрғындары

Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбековтің 14-18 қыркүйек аралығында өтетін көшпелі кездесуінің кестесін назарларыңызға ұсынамыз.

Кездесуге қаланың кез келген тұрғыны қатыса алады. Алдын ала жазылудың қажеті жоқ.

08 сентября 2026
ШЫМКЕНТТЕ «ЕСІРТКІСІЗ ҚАЛА» АКЦИЯСЫ БАСТАЛДЫ

Шымкентте есірткінің таралуына жол бермеу, оның алдын алу және жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыруға бағытталған «Шымкент – есірткісіз қала» жалпы қалалық акциясы басталды.

Ауқымды бастамаға мемлекеттік органдар, құқық қорғау құрылымдары, қоғамдық ұйымдар мен жастар өкілдері қатысуда. Акцияның негізгі мақсаты – есірткі қылмысының алдын алу, заңсыз жарнаманы анықтау, интернет арқылы таралатын есірткі саудасына қарсы іс-қимылды күшейту және жастарды спортқа, білім мен шығармашылыққа тарту.

Бастама «Заң мен тәртіп» қағидатына негізделіп, қоғам қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған. Бұл ретте есірткі қылмысына қарсы күрес тек құқық қорғау органдарының ғана емес, бүкіл қоғамның ортақ міндеті ретінде қарастырылады. Заң талаптарын сақтау, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету және жастардың қауіпсіз ортасын қалыптастыру – акцияның басты бағыттарының бірі.

Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Сарсен Құранбек қауіпсіз орта қалыптастыруда әр тұрғынның жауапкершілігі маңызды екенін атап өтті. Оның айтуынша, есірткімен күресте отбасының да рөлі ерекше. Сондықтан ата-аналар жасөспірімдердің ортасы мен мінез-құлқына назар аударып, балаларымен ашық сөйлесуге мән беруі қажет.

Қалалық мәслихат төрағасы Мұрат Жолдыходжаев акция аясында тұрғындардың есірткінің заңсыз жарнамасына бейжай қарамауына басымдық беріліп отырғанын жеткізді. Азаматтарды күдікті жарнама мен есірткі тарату фактілері туралы тиісті органдарға дер кезінде хабарлауға шақырды.

Шымкент қаласы Полиция департаментінің бастығы, полиция генерал-майоры Мұхтар Қожаев акцияның негізгі бағыттарына тоқталды. Қала аумағында әлеуметтік билбордтар орналастырылып, есірткінің зияны туралы бейнероликтер көрсетілуде. Мектептер мен жоғары оқу орындарында нарколог мамандар мен полиция қызметкерлерінің қатысуымен түсіндіру кездесулері мен ашық дәрістер ұйымдастырылуда.

«Заң мен тәртіп» қағидатын орнықтыруда құқықтық сауаттылық пен азаматтардың заң талаптарын білуі маңызды. Осы бағытта жастарға есірткінің адам денсаулығы мен болашағына келтіретін зияны түсіндіріліп, заңсыз әрекеттерге жол берудің құқықтық салдары туралы ақпарат беріледі.

Есірткінің интернет арқылы таралуына қарсы жұмыс та күшейтілген. Волонтерлер мен кибердружиналар құқық қорғау органдарымен бірлесіп, әлеуметтік желілер мен мессенджерлерге мониторинг жүргізіп, заңсыз есірткі жарнамасы мен таратуға қатысты ресурстарды анықтауға атсалысуда. Бұл жұмыстар цифрлық кеңістіктегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету және заңсыз контенттің таралуына жол бермеу мақсатында жүргізілуде.

Акцияның тағы бір маңызды бағыты – жастарды спортқа тарту. Қалада футбол, волейбол және жекпе-жек спорт түрлерінен жарыстар мен бұқаралық іс-шаралар ұйымдастырылуда. Балалар мен жасөспірімдердің спорт секцияларына қолжетімділігін арттыруға да ерекше көңіл бөлінуде.

Жастардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру, спорт пен шығармашылыққа қызығушылығын арттыру – құқық бұзушылықтың алдын алудың маңызды тетіктерінің бірі. Осы арқылы өскелең ұрпақ арасында заң мен тәртіпті құрметтеу, жауапкершілік пен азаматтық белсенділік құндылықтарын қалыптастыруға басымдық беріледі.

Ұйымдастырушылар тұрғындарды азаматтық белсенділік танытып, есірткі таратуға немесе заңсыз жарнамаға қатысты күдікті фактілерді тиісті органдарға хабарлауға шақырады. Бұл – қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге және «Заң мен тәртіп» қағидатын қоғамда нығайтуға әр азаматтың қосатын үлесі.

«Шымкент – есірткісіз қала» акциясы бір реттік шара емес, есірткі қылмысының алдын алу, жастардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, заң мен тәртіпті нығайту және салауатты қоғам қалыптастыруға бағытталған кешенді жұмыс ретінде жүзеге асырылуда.

07 сентября 2026
АППАРАТ ОТЫРЫСЫ

Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбековтің төрағалығымен аппараттық кеңес өтіп, онда зияткерлік меншік құқықтарын қорғау және контрафактілік өнімдердің айналымына қарсы іс-қимыл, күзгі әскерге шақыру науқанына дайындық, сондай-ақ, шағын және орта бизнес субъектілерін мемлекеттік қолдау мәселелері қаралды.

03 сентября 2026
Шымкент қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы басшысының және орынбасарларының қала тұрғындарын жеке қабылдау графигі
02 сентября 2026
Құрметті ұстаздар, ата-аналар, оқушылар және студенттер! Сіздерді 1 қыркүйек – Білім күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

Құрметті ұстаздар, ата-аналар, оқушылар және студенттер!

Сіздерді 1 қыркүйек – Білім күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

Білім – ел болашағының берік негізі, ал жас ұрпақтың сапалы білім алуы – мемлекетіміздің жарқын келешегінің кепілі. Жаңа оқу жылы әр отбасыға қуаныш, әр білім алушыға жаңа жетістіктер мен биік белестер әкелсін!

Ұстаздарға – еңбектеріңізге толағай табыс пен шығармашылық шабыт, оқушылар мен студенттерге – ізденіс, жігер және үздік нәтижелер тілейміз.

Жаңа оқу жылы сәтті басталып, әрбір баланың арманы орындалсын! Білім жолындағы қадамдарыңыз нық, болашақтарыңыз жарқын болсын!

Ізгі ниетпен,
Шымкент қаласының Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы

Социальные сети
Шымкент қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы.
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы