Қазіргі әлемде елдердің бәсекеге қабілеттілігі экономика салаларын емес, қалаларды анықтайды. Инвестиция бүгінде елге емес, қалаға келеді. Бәсекелестік қалалар арасында жүріп жатыр. Қазір қалалардағыЖІӨ әлемдік ЖІӨ-нің 80%-дан астамын құрайды. Қалаларда адамдар, ресурстар мен капитал шоғырланады. Қалалардың ықпалының өсуі – бұл негізгі әлемдік тренд.
Осыған байланысты Қазақстанда урбанизация процестерін ынталандыру және әлемдік деңгейдегі бірнеше ірі қалаларды қалыптастыруға ықпал ету қажет. Олар ел аумағында бірыңғай нарықты қалыптастыруға ықпал етеді және жаһандық экономикаға шығуға мүмкіндік береді. Бұл міндетке жету үшін Шымкент қаласының дамуы маңызды рөл атқарады.
Шымкент қаласының ұзақ мерзімді перспективадағы рөлі мен функциялары бірінші деңгейдегі стратегиялық құжаттарда, Қазақстанның әлемнің ең дамыған 30 мемлекетінің қатарына кіруі жөніндегі тұжырымдамада, Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарында, 2020 жылға дейінгі елді аумақтық-кеңістікте дамытудың болжамды схемасында және инфрақұрылымды дамытудың «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасында көрсетілген.Осы құжаттарда көрсетілген негізгі бағыттарға сәйкес Шымкент төрт хаб-қалалардың бірі, Шымкент агломерациясының орталығы және елдің оңтүстігіндегі қуатты өсу нүктесі болуы тиіс.