Шымкент қаласының 2026 жылдың 2 айының қорытындысымен әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері бойынша мәлімет

Шымкент қаласының 2026 жылдың 2 айының қорытындысымен әлеуметтік-экономикалық
көрсеткіштері бойынша мәлімет

 

Шымкент қаласының 2026 жылғы қаңтар-ақпан айларындағы әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінде оң динамика қалыптасты.

Өнеркәсіп өнімінің көлемі 257,2 млрд теңгені құрап,
6
% -ға артты. Оның ішінде, өңдеу өнеркәсібі – 4,2% -ға өсті (208 ,9 млрд тг.).

Құрылыс жұмыстарының көлемі 14,7 млрд теңгені құрап, 21,4 %-ға ұлғайды.

Пайдалануға берілген тұрғын үй көлемі 114,8 мың шаршы метрді құрады немесе 7,5 %-ға өсті.

Оның ішінде 38,3 мың шаршы метрі немесе 33,4%-ы жеке тұрғын үй құрылысы.  

Жалпы сауда көлемі 396,0 млрд теңгені құрап, нақты көлем индексі 16,6 %-ға артты.

Оның ішінде, бөлшек сауда 146,4 млрд тг., НКИ 105,4%. Көтерме сауда көлемі 248,4 млрд тг, НКИ 124,4%  құрады.

Байланыс қызметі 2,5 млрд теңгені құрап, 3,2%-ға артты.

 

Услуги связи составили 2,5 млрд тг., рост – 3,2%.

Дата публикации
06 апреля 2026