Шымкент қаласының 4 айдың қорытындысымен әлеуметтік экономикалық көрсеткіштері бойынша мәлімет
Өнеркәсіп өнімінің көлемі 430,7 млрд теңгені құрап,
23,4 %-ға артты. Оның ішінде, өңдеу өнеркәсібі – 26,8 %-ға өсті.
Ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі
15,3 млрд теңгені құрап, 3,1 %-ға артты.
Инвестиция көлемі 233,0 млрд теңгеге ұлғайып,
54,0 %-ға өсті.Құрылыс жұмыстарының көлемі 49,7 млрд теңгені құрап, 20,5 %-ға ұлғайды.
Пайдалануға берілген тұрғын үй көлемі 323,1 мың шаршы метрді құрап, 32,5 %-ға өсті.
Оның ішінде 113,8 мың шаршы метрі немесе 35,2 %-ы жеке тұрғын үй құрылысы.
Жалпы сауда көлемі 786,4 млрд теңгені құрап, нақты көлем индексі 19,8 %-ға артты.
Оның ішінде, бөлшек сауда 311,5 млрд тг., НКИ 113,9 %. Көтерме сауда көлемі 472,8 млрд тг, НКИ 124,2 % құрады.
Көлік қызметі 99,9 млрд теңгені құрап, 7,2 %-ға ұлғайды.
Байланыс қызметі 4,6 млрд теңгені құрап, 21,9 %-ға артты.