Шымкент қаласының 2 айдың қорытындысымен әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері бойынша мәлімет

Шымкент қаласының 2 айдың қорытындысымен  әлеуметтік экономикалық көрсеткіштері  бойынша мәлімет

Өнеркәсіп өнімінің көлемі 195,5 млрд теңгені құрап,
13,4
%-ға артты. Оның ішінде, өңдеу өнеркәсібі – 15,6 %-ға өсті. Ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 7,4 млрд теңгені құрап, 2,7 %-ға артты. Инвестиция көлемі 102,1 млрд теңгеге ұлғайып, 67,9 %-ға өсті. Құрылыс жұмыстарының көлемі 11,2 млрд теңгені құрап, 85,0 %-ға ұлғайды. Пайдалануға берілген тұрғын үй көлемі 106,7 мың шаршы метрді құрап, 35,1 %-ға өсті. Оның ішінде 29,0 мың шаршы метрі немесе 27,1 %-ы жеке тұрғын үй құрылысы.   Жалпы сауда көлемі 306,0 млрд теңгені құрап, нақты көлем индексі 11,2 %-ға артты. Оның ішінде, бөлшек сауда 125,8 млрд тг., НКИ 107,8 %. Көтерме сауда көлемі 179,4 млрд тг, НКИ 113,7 %  құрады. Көлік қызметі 52,6 млрд теңгені құрап, 19,0 %-ға ұлғайды.    Байланыс қызметі 2,3 млрд теңгені құрап, 24,1 %-ға артты.

Дата публикации
19 марта 2025