Шымкент қаласының 2021-2023 жылдарға арналған бюджеті туралы
Шымкент қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы, мәслихаттың «2021-2023 жылдарға арналған қала бюджеті туралы» шешімінің жобасын әзірлеп, жергілікті атқарушы органға ұсынды. Қала бюджеті туралы мәслихат шешімінің жобасы Бюджет кодексінің 13-бабында көзделген бюджет құрылымы бойынша және 72-бабында көзделген талаптар ескеріле отырып әзірленді. Сондай-ақ, Бюджет кодексінің 72-бабының 7-тармағына сәйкес 2021-2023 жылдарға арналған қала бюджетінің жобасы қоғамдық кеңеске талқылау үшін жолданды.