Шымкент қаласының 10 айдың қорытындысымен әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері бойынша мәлімет
Өнеркәсіп өнімінің көлемі 913,9 млрд теңгені құрап, 2,0 %-ға артты. Оның ішінде, өңдеу өнеркәсібі – 2,4 %-ға өсті.
Инвестиция көлемі 536,4 млрд теңгеге ұлғайып,
8,9 %-ға өсті.
Құрылыс жұмыстарының көлемі 209,0 млрд теңгені құрап, 26,8 %-ға ұлғайды.
Пайдалануға берілген тұрғын үй көлемі 978,0 мың шаршы метрді құрап, 42,0 %-ға өсті.
Жалпы сауда көлемі 2 триллион 309,7 млрд теңгені құрап, нақты көлем индексі 19,0 %-ға артты.
Оның ішінде, бөлшек сауда 814,9 млрд тг., НКИ 118,7 %. Көтерме сауда көлемі 1 488,9 млрд тг, НКИ 119,2 % құрады.
Көлік қызметі 243,4 млрд теңгені құрап, 26,0 %-ға ұлғайды.
Байланыс қызметі 9,7 млрд теңгені құрап, 16,6 %-ға артты.