Нормативтік-құқықтық база
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 106 - бабының 4 - тармағына, 108 - бабының 1 – тармағына
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 - бабы 1 – тармағының 1) тармақшасына
«2024 – 2026 жылдарға арналған Шымкент қаласының бюджеті туралы» 2023 жылғы 12 желтоқсандағы № 11/93-VIII Шымкент қаласы мәслихатының шешіміне өзгерістер енгізу туралы» Шымкент қаласы мәслихатының 2024 жылғы 10 қазандағы № 21/182-VIII шешімін сәйкес
Нақтылаудың негізгі тәсілдері
Қала бюджетінің жалпы көлемі 15 487, 8 млн.теңгеге ұлғайды.
Жеке табыс 5 608,9 млн. теңгеге, РҚ берілетін нысаналы трансферттер 9 878,9 млн.теңгеге ұлғайды.
Ағымдағы шығыстарға қосымша 2 546,7 млн. теңге, даму бюджетіне 12 941,1 мың теңге қаражат көзделеді. Салалар бойынша шығыстар келесідей бөлінді: бiлiм беру 17 233,3 млн. теңге; көлік және коммуникация 8 269,2 млн. теңге; ауыл, су, орман, балық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, қоршаған ортаны және жануарлар дүниесін қорғау, жер қатынастары 4 683,8 млн. теңге; мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістiк 2 407,5 млн. теңге; басқалары 3 285,7 млн. теңге.
Қоғамдық тәртіп, қауіпсіздік, құқықтық, сот, қылмыстық-атқару қызметі; қорғаныс; тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық; әлеуметтiк көмек және әлеуметтiк қамсыздандыру; қарыздарды өтеу
бойынша шығыстар қысқартылды.