Статистика

Шымкент қаласының 2024 жылғы қаңтар – шілде айларындағы әлеуметтік-экономикалық дамуы  туралы

Қаланың 2024 жылғы қаңтар – шілде айларындағы әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінің динамикасы төмендегідей қалыптасты.

Өнеркәсіп өнімінің көлемі 612,3 млрд теңгені немесе            103,6 пайызды құрады.

Оның ішінде, өңдеу өнеркәсібі – 103,4 %.

Инвестиция көлемі 324,7 млрд теңгені құрап,
14,0 пайызға артты.

Құрылыс жұмыстарының көлемі 107,8 млрд теңгені құрап, 22 пайызға ұлғайды.

Пайдалануға берілген тұрғын үй көлемі 590,8 мың шаршы метр немесе 138,7 пайызды құрады.

Оның ішінде халық есебінен жеке тұрғын үй –  242 мың шаршы метр.

Жалпы сауда көлемі 1 383,8 млрд теңгені құрап, нақты көлем индексі 16,3 пайызға артты.

Оның ішінде, бөлшек сауда 525,3 млрд тг., НКИ 115,1 %. Көтерме сауда көлемі 854,7  млрд тг, НКИ 117,1 %  құрады.

Жалпы көлік қызметі 165,9 млрд теңгені құрап,                 30,2 пайызға ұлғайды.

Инфляция деңгейі 2024 жылдың шілде айында
103,8 пайызды құрады.

Оның ішінде азық-түлік тауарлары 100,5 %, азық-түлік емес тауарлары 104,8 %, ақылы қызметтер 107,3 % құрады.

Социально-экономическое развитие города Шымкент за  январь-июль 2024 года
Дата публикации
05 сентября 2024