Қала бюджетінің жалпы көлемі 29 135, 1 млн.теңгеге ұлғайды.
Жеке табыс 16 543,2 млн. теңгеге, бюджеттік кредиттерді өтеу 239,2 млн. теңгеге, мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер 59,5 млн. теңгеге, РҚ берілетін нысаналы трансферттер 2 789,9 млн.теңгеге қарыздар түсімдері (облигациялар) 9 503,3 млн. теңгеге, ұлғайды.
Ағымдағы шығыстарға қосымша 12 754,5млн. теңге, даму бюджетіне 16 380,6 мың теңге қаражат көзделеді. Салалар бойынша шығыстар келесідей бөлінді: көлік және коммуникация 11 686,4 млн. теңге; ауыл, су, орман, балық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, қоршаған ортаны және жануарлар дүниесін қорғау, жер қатынастары 5 498,9 млн. теңге; мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістiк 4 842,9 млн. теңге; тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық 4 566,6 млн. теңге; отын-энергетика кешенi және жер қойнауын пайдалану 4 200,1 млн. теңге; жалпы сипаттағы мемлекеттiк қызметтер 1 989,9 млн. теңге; Қоғамдық тәртіп, қауіпсіздік, құқықтық, сот, қылмыстық-атқару қызметі және қорғаныс 2 246,5 млн. теңге; бiлiм беру 2 506,4 млн. теңге; денсаулық сақтау 1 976,4 млн. теңге, басқалары 4 126,3 млн. теңге.
Қарыздарды мерзімінен бұрын өтеу есебінен 14 505,3 млн. теңге өтеу бойынша шығыстар қысқартылды.