2023 жылға арналған Шымкент қаласының азаматтық бюджеті (2023 жылы 18 қазандағы нақтылауды ескере отырып)

Қала бюджетінің жалпы көлемі 15 960,6 млн. теңгеге ұлғайды.

Өзіндік кірісі 17 216,4 млн. теңгеге ұлғайды, РБ – дан трансферттер 1 256,8 млн. теңгеге қысқартылды.

Қосымша ағымдағы шығыстарға 10 770,2 млн. теңге, Даму бюджетіне 5 190,3 млн. теңге қаражат көзделеді. Салалар бойынша шығындар келесідей бөлінді: көлік және коммуникация

5 166,0 млн. теңге; ауыл, су, орман, балық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, қоршаған ортаны және жануарлар дүниесін қорғау, жер қатынастары 3 462,6 млн. теңге; мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістік 3 232,4 млн. теңге; тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық 1 236,5 млн. теңге және басқа да шығыстар 2 863,1 млн. теңге.

Дата публикации
01 ноября 2023