2023 жылға арналған Шымкент қаласының азаматтық бюджеті (14 маусымдағы нақтылауды ескере отырып)

Қала бюджетінің жалпы көлемі 29 654,7 млн. теңгеге ұлғайды.

Өзіндік кірісі 14 653,7 млн. теңгеге, РБ – дан трансферттер түсімдері 909,7 мың теңгеге, қарыздар (облигациялар) түсімдері 15 000,0 млн. теңгеге ұлғайды.

Қосымша ағымдағы шығыстарға 11 195,2 млн. теңге, Даму бюджетіне 18 459,5 млн. теңге қаражат көзделеді Салалар бойынша шығындар келесідей бөлінді: тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық 16 985,0 млн. теңге; білім беру 3 692,5 млн. теңге; әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамсыздандыру 2 198,4 млн. теңге; ауыл, су, орман, балық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, қоршаған ортаны және жануарлар дүниесін қорғау, жер қатынастары 2 578,3 млн. теңге; мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістік 1 035,0 млн. теңге; қаржы активтерін сатып алу 1 040,1 млн.теңге және басқа да шығыстар 2 125,2 млн. теңге.

Дата публикации
22 июня 2023