Шымкент қаласының 2023 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуы

Шымкент қаласының

2023 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуы

2023 жылдың қорытындысымен қала экономикасының негізгі көрсеткіштерінде оң динамика қалыптасқан.

Өнеркәсіп өнімінің көлемі 1 051 млрд теңгені құрап,               2,7 пайызға артқан. Оның ішінде, өңдеу өнеркәсібі 1,7%-ға артты.

Өңдеу өнеркәсібінде металлургия өндірісі 2,1 есеге, жеңіл өнеркәсібі 14,5 пайызға, химия өнеркәсібі – 7,2 пайызға, сусындар өндірісі 4,7 пайызға артты.

        Инвестиция көлемінің өсу қарқыны 26 пайызды құрап,             724,3 млрд теңгеге жетті.  

Жеке инвестиция көлемі 596,9 млрд. теңге, мемлекеттік –                   127,4 млрд. теңгені құрайды.

Құрылыс жұмыстарының көлемі 260,3 млрд. теңгені, нақты көлем индексі 113,2 пайызды құрады.

Құрылыс-монтаж жұмыстарының көлемі 13,2 пайызға, күрделі жөндеу жұмыстары – 84,8 пайызға артты.

Пайдалануға берілген тұрғын үй көлемі 1 084,1 мың шаршы метрді құрады. Оның ішінде жеке үйлер 396,8 мың шаршы метр.

Жалпы сауда  көлемі 2 408,2 млрд. теңгені немесе              7,5%-ға артты.

Оның ішінде, бөлшек сауда көлемі 19,8 пайызға, көтерме сауда 2,2 пайызға өсті.

Жалпы көлік қызметі жыл басынан 117,9%-ды құрады. Оның ішінде жүк айналымы 27,1 пайызға, жолаушылар айналымы 9 пайызға артты.

2023 жылы қалада 31 197 жұмыс орны құрылды. Оның ішінде 30 699-ы тұрақты жұмыс орындары.

Шымкент қаласының 2023 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуы
Дата публикации
25 января 2023