Шымкент қаласының 2022 жылдың қаңтар-қазан айларындағы  әлеуметтік-экономикалық дамуы

Шымкент қаласының

2022 жылдың қаңтар-қазан айларындағы

 әлеуметтік-экономикалық дамуы

 

Өнеркәсіп өнімінің көлемі 750,3 млрд. теңгені, нақты көлем индексі 105,8% құрады (РК – 101,4%, 5 орын). Оның ішінде өңдеу өнеркәсібінің көлемі 2021 жылдың сәйкес кезеңіне – 107,3% құрады.

Ауыл шаруашылығының өнім көлемі 39,5 млрд. теңгені құрап, нақты көлем индексі 10% кеміді (РК – 108,2%, 20 орын). Оның ішінде мал шаруашылығы – 81,1% (21,5 млрд. теңге).

Көлік көлемі 258,0 млрд.теңгені құрап, 7,7% артты  (РК – 103,9%,
4
орын), (жолаушылар айналымының нақты көлем индексі 99%,  жүк айналымы 104,6%).

Байланыс қызметі 6863,7 млн.теңгені құрап, 105% болды
(РК – 107,1%, 7 орын).

Инфляция деңгейі 117,3% құрады (РК – 117,2%). Оның ішінде азық-түлік тауарлары 123,1%, азық-түлік емес тауарлары 115,3%, ақылы қызметтер 111,1% құрады.

Инвестиция көлемі 403,2 млрд.теңгені немесе өткен жылдың тиісті кезеңіне 118,3% құрады (РК – 106,7%, 3 орын). Оның ішінде мемлекеттік бюджеттен 93,5 млрд.теңге, жеке көздерден 309,7 млрд.теңге инвестиция тартылды.

Құрылыс жұмыстарының көлемі 150  млрд. теңгені құрап, 38,6% артты  (РК – 105,0%, 1 орын).

Пайдалануға берілген тұрғын үй көлемі 599 мың ш.м. жетіп, 26,2% ұлғайды (РК – 101,1%, 2 орын). 

Бөлшек сауда көлемі 482,1 млрд. теңгені немесе өткен жылдың сәйкес кезеңіне 112,1% құрады (РК – 101,4%, 2 орын) (көтерме сауда – 116%, РК-105,3%, 4 орын).

Социально-экономическое развитие города Шымкент за  январь-октябрь 2022 года
Дата публикации
22 ноября 2022