Шымкент қаласының 2022 жылдың қаңтар-қыркүйек айларындағы  әлеуметтік-экономикалық дамуы

Шымкент қаласының

2022 жылдың қаңтар-қыркүйек айларындағы

 әлеуметтік-экономикалық дамуы

 

Өнеркәсіп өнімінің көлемі 666,4 млрд. теңгені, нақты көлем индексі 106,7% құрады (РК – 102,1%, 5 орын). Оның ішінде өңдеу өнеркәсібінің көлемі 2021 жылдың сәйкес кезеңіне – 108,1% құрады.

Ауыл шаруашылығының өнім көлемі 34,8 млрд. теңгені құрап, нақты көлем индексі 8,9% кеміді (РК – 106,9%, 20 орын). Оның ішінде мал шаруашылығы – 81,5% (19,9 млрд. теңге).

Көлік көлемі 224,3 млрд.теңгені құрап, 7,9% артты  (РК – 104,8%,
4
орын), (жолаушылар айналымының нақты көлем индексі 100,8%,  жүк айналымы 103,2%).

Байланыс қызметі 6139,3  млн. теңгені құрап, 104,6% болды
(РК – 106,7%, 7 орын).

Инфляция деңгейі 114,7% құрады (РК – 115,4%). Оның ішінде
азық-түлік тауарлары 119,5%, азық-түлік емес тауарлары 113,0%, ақылы қызметтер 109,5% құрады.

Инвестиция көлемі 327,9 млрд.теңгені немесе өткен жылдың тиісті кезеңіне 120,0% құрады (РК – 107%, 3 орын). Оның ішінде мемлекеттік бюджеттен 80,2 млрд.теңге, жеке көздерден 247,7  млрд.теңге инвестиция тартылды.

Құрылыс жұмыстарының көлемі 131,4  млрд.теңгені құрап,
39,7% артты (РК – 105,1%, 1 орын).

Пайдалануға берілген тұрғын үй көлемі 507,1 мың ш.м. жетіп, 27,5% ұлғайды (РК – 100,9%, 2 орын). 

Бөлшек сауда көлемі 417,9 млрд.теңгені немесе өткен жылдың сәйкес кезеңіне 111,5% құрады (РК – 101,4%, 2 орын), (көтерме сауда – 113,4%, РК-105,6%, 5 орын).

Шымкент қаласының 2022 жылдың қаңтар-қыркүйек айларындағы әлеуметтік-экономикалық дамуы
Дата публикации
19 октября 2022