Шымкент қаласының 2022 жылдың қаңтар-тамыз айларындағы әлеуметтік-экономикалық дамуы

Шымкент қаласының

2022 жылдың қаңтар-тамыз айларындағы

 әлеуметтік-экономикалық дамуы

 

Өнеркәсіп өнімінің көлемі 583,2 млрд. теңгені, нақты көлем индексі 107,1% құрады (РК – 102,5%, 5 орын). Оның ішінде өңдеу өнеркәсібінің көлемі 2021 жылдың сәйкес кезеңіне – 108,7% құрады.

Ауыл шаруашылығының өнім көлемі 28,5 млрд. теңгені құрап, нақты көлем индексі 11,7% кеміді (РК – 104,3%, 20 орын). Оның ішінде мал шаруашылығы – 80,9% (18,2 млрд. теңге).

Көлік көлемі 191,5 млрд.теңгені құрап, 7,2% артты  (РК – 105,4%, 6 орын), (жолаушылар айналымының нақты көлем индексі 103,2%,  жүк айналымы 103,8% құрады).

Байланыс қызметі 5 427,6  млн. теңгені құрап, 104,5% болды
(РК – 106,5%, 6 орын).

Инфляция деңгейі 112,9% құрады (РК – 113,3%). Оның ішінде азық-түлік тауарлары 118,2%, азық-түлік емес тауарлары 110,6%, ақылы қызметтер 107,7% құрады.

Инвестиция көлемі 276,2 млрд.теңгені немесе өткен жылдың тиісті кезеңіне 131,1% құрады (РК – 105,7%, 1 орын). Оның ішінде мемлекеттік бюджеттен 69,0 млрд.теңге, жеке көздерден 207,2  млрд.теңге инвестиция тартылды.

Құрылыс жұмыстарының көлемі 91,7  млрд.теңгені құрап, 18,5% артты  (РК – 107,5%, 3 орын).

Пайдалануға берілген тұрғын үй көлемі 426,9 мың шаршы метрге жетіп, 23% ұлғайды (РК – 98,8%, 2 орын). 

Бөлшек сауда көлемі 359,3 млрд.теңгені немесе өткен жылдың сәйкес кезеңіне 112,4% құрады (РК – 102,1%, 1 орын), (көтерме сауда – 110,7%, РК-106,6%, 5 орын).

Шымкент қаласының 2022 жылдың қаңтар-тамыз айларындағы әлеуметтік-экономикалық дамуы
Дата публикации
22 сентября 2022