Шымкент қаласының 2022 жылдың қаңтар-шілде айларындағы  әлеуметтік-экономикалық дамуы

Шымкент қаласының

2022 жылдың қаңтар-шілде айларындағы

 әлеуметтік-экономикалық дамуы

 

Өнеркәсіп. Өнеркәсіп өнімінің көлемі 507,5 млрд. теңгені, нақты көлем индексі 108,4% құрады (РК – 102,7%, 2 орын). Оның ішінде өңдеу өнеркәсібінің көлемі 2021 жылдың сәйкес кезеңіне – 109,6% құрады.

Ауыл шаруашылығы. Ауыл шаруашылығының өнім көлемі               21,6 млрд. теңгені құрап, нақты көлем индексі 14,9% кеміді (РК – 102,1%,
20 орын)
. Оның ішінде мал шаруашылығы – 80,7% (16,3 млрд. теңге).

Көлік. Көлік көлемі 158,5 млрд.теңгені құрап,
7,2% артты  (РК – 105,6%, 7 орын) (жолаушылар айналымының нақты көлем индексі 103,4%,  жүк айналымы 104,1% құрады).

Байланыс қызметі 4 727,9 млн. теңгені құрап, 104,7% болды
(РК – 106,5%, 5 орын).

Инфляция деңгейі 111,4% құрады (РК – 111,7%). Оның ішінде азық-түлік тауарлары 116,7%, азық-түлік емес тауарлары 108,7%, ақылы қызметтер 106,5% құрады.

Инвестиция саласы. Инвестиция көлемі 219,1 млрд.теңгені немесе өткен жылдың тиісті кезеңіне 128,6% құрады (РК – 104,5%, 1 орын). Оның ішінде мемлекеттік бюджеттен 52,6 млрд.теңге, жеке көздерден 166,5 млрд.теңге инвестиция тартылды.

Құрылыс жұмыстары. Құрылыс жұмыстарының көлемі                      76,7 млрд.теңгені құрап, 20,5% артты  (РК – 108,6%, 4 орын).

Пайдалануға берілген тұрғын үй көлемі 371,8 мың шаршы метрге жетіп, 15% ұлғайды (РК – 99,2%, 3 орын). 

Сауда. Жалпы сауда көлемі 946,1 млрд.теңгені немесе өткен жылдың сәйкес кезеңіне 109,8% құрады (РК – 106,2%, 5 орын) (бөлшек сауда – 113,6%, көтерме сауда – 108,0%).

Дата публикации
26 августа 2022