Анықтама
Шымкент қаласының 2022 жылдың қаңтар-мамыр айларындағы
әлеуметтік-экономикалық дамуы
Өнеркәсіп. Өнеркәсіп өнімінің көлемі 360,9 млрд. теңгені, нақты көлем индексі 107,9% құрады (РК – 104,1%, 5 орын), (жылдық жоспар 103,5%). Оның ішінде өңдеу өнеркәсібінің көлемі 2021 жылдың сәйкес кезеңіне – 108,5% құрады.
Ауыл шаруашылығы. Ауыл шаруашылығының өнім көлемі 13,5 млрд. теңгені құрап, нақты көлем индексі 9,5% кеміді (РК – 101,3%,
17 орын) (жылдық жоспар – 103,5%). Оның ішінде мал шаруашылығы – 97,7%.
Көлік және байланыс. Көлік көлемі 98,4 млрд. теңгені құрап, 4,6% артты (РК – 108,1%, 10 орын) (жолаушылар айналымының нақты көлем индексі 102,7%, жүк айналымы 106,8% құрады).
Байланыс қызметі 3 289,7 млн. теңгені құрап, 102,7% болды (РК – 107,2%, 5 орын).
Инфляция деңгейі 108,7% құрады (РК – 108,8%). Оның ішінде азық-түлік тауарлары 114,3%, азық-түлік емес тауарлары 105,3%, ақылы қызметтер 104,2% құрады.
Инвестиция саласы. Инвестиция көлемі 131,1 млрд.теңгені құрап, өткен жылдың тиісті кезеңіне 129,2% құрады (РК – 102,5%, 1 орын) (жылдық жоспар – 115,0%). Оның ішінде мемлекеттік бюджеттен 31,7 млрд.теңге, жеке көздерден 99,4 млрд.теңге инвестициялар тартылды.
Құрылыс жұмыстары. Құрылыс жұмыстарының көлемі 30,2 млрд.теңгені құрап, 3,4% өсті (РК – 108,9%, 12 орын) (жылдық жоспар – 108,0%). Пайдалануға берілген тұрғын үй көлемі – 181,0 мың шаршы метрге жетіп, 44,5% ұлғайды (РК – 103,4%, 1 орын) (жылдық жоспар – 1060 ш.м.).
Сауда. Жалпы сауда көлемі 577,4 млрд.теңгені құрап, 8,5% артты (РК – 110,8%, 3 орын) (бөлшек сауда – 118,5%, көтерме сауда – 103,3%).