Анықтама
Шымкент қаласының 2022 жылдың қаңтар-сәуір айларындағы
әлеуметтік-экономикалық дамуы
Өнеркәсіп. Өнеркәсіп өнімінің көлемі 211,5 млрд. теңгені, нақты көлем индексі 104,3% құрады (РК – 105,8%, 11 орын), (жылдық жоспар 103,5%). Оның ішінде өңдеу өнеркәсібінің көлемі 2021 жылдың сәйкес кезеңіне – 104,1% құрады.
Ауыл шаруашылығы. Ауыл шаруашылығының өнім көлемі 7,6 млрд. теңгені құрап, нақты көлем индексі 2% кеміді (РК – 101,8%,
12 орын) (жылдық жоспар – 103,5%). Оның ішінде мал шаруашылығы – 99,1% (6,3 млрд. теңге).
Көлік және байланыс. Көлік көлемі 100,2% құрады (РК – 109,3%, 17 орын) (жолаушылар айналымының нақты көлем индексі 104,7%, жүк айналымы 104,7% құрады).
Байланыс қызметі 1828,7 млн. теңгені құрап, 96,0% болды (РК – 106,4%, 10 орын).
Инфляция деңгейі 105,9% құрады (РК – 105,2%). Оның ішінде азық-түлік тауарлары 109,5%, азық-түлік емес тауарлары 103,9%, ақылы қызметтер 102,8% құрады.
Инвестиция саласы. Инвестиция көлемі 75,2 млрд.теңгені құрап, 1,8 есеге артты (РК – 101,5%, 1 орын) (жылдық жоспар – 115,0%). Оның ішінде мемлекеттік бюджеттен 10,3 млрд.теңге, жеке көздерден 64,9 млрд.теңге инвестициялар тартылды.
Құрылыс жұмыстары. Құрылыс жұмыстарының көлемі 13,9 млрд.теңгені құрап, 16,8% өсті (РК – 108,6%, 7 орын) (жылдық жоспар – 108,0%). Пайдалануға берілген тұрғын үй көлемі – 106,5 мың шаршы метрге жетіп, 9,1% ұлғайды (РК – 100,4%, 6 орын) (жылдық жоспар – 1060 ш.м.).
Сауда. Жалпы сауда көлемі 105,4% құрады (РК – 108,0%, 4 орын) (бөлшек сауда – 112,9%, көтерме сауда – 101,0%).