Шымкент қаласының 2022-2026 жылдарға әлеуметтік-экономикалық даму болжамы

Шымкент қаласы әкімдігінің

 2021 жылғы «4» қазандағы

№1156 қаулысына қосымша

 

Шымкент қаласының 2022-2026 жылдарға

әлеуметтік-экономикалық даму болжамы

(2 кезең)

2022-2026 жылдардағы әлеуметтік-экономикалық дамудың негізгі басым бағыттары халықтың әл – ауқатын жақсартуды қамтамасыз ету және қазақстандық экономиканың тұрақты моделін құру жөніндегі «Қазақстан-2050» Стратегиясының ұзақ мерзімді басымдықтарын одан әрі іске асыру болып табылады.

Қойылған мақсаттарға қол жеткізу үшін Мемлекет басшысының Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауларындағы міндеттерді іске асыру, тұрақты экономикалық өсуді, әлеуметтік әл-ауқатты және нәтижелі жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету, сондай-ақ, инфляция деңгейін және бағаның тұрақтылығын үдемелі төмендету жөніндегі міндеттерді шешу жалғастырылады.

Қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі басымдықтары:

- инфляция деңгейін кезең-кезеңмен төмендете отырып, тұрақты ақша-кредит саясаты арқылы макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету; бағалардың негізсіз өсуіне жол бермеу, сондай-ақ жасанды тапшылықты, баға келісімдерін және жосықсыз бәсекелестікті құру мүмкіндігін жою; ынталандырушы салық саясатымен, бюджеттік шығыстарды тиімді пайдаланумен қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету.

Өнімділікті арттыруды, отандық өнімнің бәсекеге қабілеттілігі мен сапасын арттыруды, қазақстандық тауарларды шетелдік нарықтарға жылжытуды қолдауды, қолданыстағы:

  • сандық технологиялар және «қарапайым заттар экономикасын» дамытумен индустрияландырудың үшінші бесжылдығы;

– еңбек өнімділігін, қайта өңделген ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспортын арттыра отырып, агроөнеркәсіптік кешенді дамыту бағдарламаларын;

– жылумен, сумен жабдықтау және су бұру, тұрғын үй қорын жаңғырту, цифрлық теңсіздікті төмендету, сондай-ақ көлік-логистикалық инфрақұрылымның тиімділігін арттыру мәселелерін қоса алғанда, инфрақұрылымдық және тұрғын үй құрылысының мемлекеттік бағдарламаларын;

мемлекеттік қолдау құралдарын дамыта отырып, инвестицияларды ынталандыру;

- бизнесті қолдаудың институционалдық негізін одан әрі жетілдіру жолымен бизнес-ортаны кеңейту және ынталандыру, жеңілдікті микрокредиттер беру арқылы шағын кредит беруді кеңейту, бәсекелестікті дамыту және экономикаға жеке капиталды тарту;

- білім беру сапасын жаңғырту және арттыру, педагогтардың әлеуметтік жағдайын жақсарту, сондай-ақ білім берудің деңгейлерін қаржыландыруды ұлғайту;

– денсаулық сақтаудың қолжетімді және сапалы жүйесі, медициналық қызметкерлердің мәртебесін, оларды әлеуметтік қолдауға, кәсіби жауапкершілігін арттыру, сондай-ақ денсаулық сақтау инфрақұрылымын жаңарту;

– жұмыс істейтін азаматтардың, мүмкіндігі шектеулі адамдардың әлеуметтік қорғалуын арттыруға және әлеуметтік көмектің атаулы сипатын күшейтуге, нәтижелі жұмыспен қамтуды кеңейтуге зейнетақы жүйесін жетілдіруге бағытталған әлеуметтік қамсыздандыру арқылы адами капитал сапасын арттыру.

5.3 2022-2024 жылдарға арналған бюджет шығыстарының басымдықтары

Әлеуметтік-экономикалық дамудың алға қойылған міндеттерін ескере отырып, 2022-2024 жылдарға арналған бюджет шығыстарының негізгі басымдықтары:

  1. Мемлекеттік әлеуметтік міндеттемелерді толық көлемде орындау;
  2. Халыққа толық көлемде бюджеттік қызмет көрсетуді қамтамасыз ету;
  3. Халықтың жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету;
  4. Көлік-логистикалық инфрақұрылымды дамыту;
  5. Энергетикалық инфрақұрылымды дамыту;
  6. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық инфрақұрылымын, сумен және жылумен жабдықтау желілерін жаңғырту;
  7. Тұрғын үй инфрақұрылымын нығайту;
  8. Әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту;
  9. Кәсіпкерлікті және іскерлік белсенділікті қолдау.
Шымкент қаласы әкімдігінің 2021 жылғы «4» қазандағы №1156 қаулысына қосымша Шымкент қаласының 2022-2026 жылдарға әлеуметтік-экономикалық даму болжамы (2 кезең) 2022-2026 жылдардағы әлеуметтік-экономикалық дамудың негізгі басым бағыттары халықтың әл – ауқатын жақсартуды қамтамасыз ету және қазақстандық экономиканың тұрақты моделін құру жөніндегі «Қазақстан-2050» Стратегиясының ұзақ мерзімді басымдықтарын одан әрі іске асыру болып табылады. Қойылған мақсаттарға қол жеткізу үшін Мемлекет басшысының Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауларындағы міндеттерді іске асыру, тұрақты экономикалық өсуді, әлеуметтік әл-ауқатты және нәтижелі жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету, сондай-ақ, инфляция деңгейін және бағаның тұрақтылығын үдемелі төмендету жөніндегі міндеттерді шешу жалғастырылады. Қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі басымдықтары: - инфляция деңгейін кезең-кезеңмен төмендете отырып, тұрақты ақша-кредит саясаты арқылы макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету; бағалардың негізсіз өсуіне жол бермеу, сондай-ақ жасанды тапшылықты, баға келісімдерін және жосықсыз бәсекелестікті құру мүмкіндігін жою; ынталандырушы салық саясатымен, бюджеттік шығыстарды тиімді пайдаланумен қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету. Өнімділікті арттыруды, отандық өнімнің бәсекеге қабілеттілігі мен сапасын арттыруды, қазақстандық тауарларды шетелдік нарықтарға жылжытуды қолдауды, қолданыстағы: - сандық технологиялар және «қарапайым заттар экономикасын» дамытумен индустрияландырудың үшінші бесжылдығы; – еңбек өнімділігін, қайта өңделген ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспортын арттыра отырып, агроөнеркәсіптік кешенді дамыту бағдарламаларын; – жылумен, сумен жабдықтау және су бұру, тұрғын үй қорын жаңғырту, цифрлық теңсіздікті төмендету, сондай-ақ көлік-логистикалық инфрақұрылымның тиімділігін арттыру мәселелерін қоса алғанда, инфрақұрылымдық және тұрғын үй құрылысының мемлекеттік бағдарламаларын; мемлекеттік қолдау құралдарын дамыта отырып, инвестицияларды ынталандыру; - бизнесті қолдаудың институционалдық негізін одан әрі жетілдіру жолымен бизнес-ортаны кеңейту және ынталандыру, жеңілдікті микрокредиттер беру арқылы шағын кредит беруді кеңейту, бәсекелестікті дамыту және экономикаға жеке капиталды тарту; - білім беру сапасын жаңғырту және арттыру, педагогтардың әлеуметтік жағдайын жақсарту, сондай-ақ білім берудің деңгейлерін қаржыландыруды ұлғайту; – денсаулық сақтаудың қолжетімді және сапалы жүйесі, медициналық қызметкерлердің мәртебесін, оларды әлеуметтік қолдауға, кәсіби жауапкершілігін арттыру, сондай-ақ денсаулық сақтау инфрақұрылымын жаңарту; – жұмыс істейтін азаматтардың, мүмкіндігі шектеулі адамдардың әлеуметтік қорғалуын арттыруға және әлеуметтік көмектің атаулы сипатын күшейтуге, нәтижелі жұмыспен қамтуды кеңейтуге зейнетақы жүйесін жетілдіруге бағытталған әлеуметтік қамсыздандыру арқылы адами капитал сапасын арттыру. 5.3 2022-2024 жылдарға арналған бюджет шығыстарының басымдықтары Әлеуметтік-экономикалық дамудың алға қойылған міндеттерін ескере отырып, 2022-2024 жылдарға арналған бюджет шығыстарының негізгі басымдықтары: 1. Мемлекеттік әлеуметтік міндеттемелерді толық көлемде орындау; 2. Халыққа толық көлемде бюджеттік қызмет көрсетуді қамтамасыз ету; 3. Халықтың жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету; 4. Көлік-логистикалық инфрақұрылымды дамыту; 5. Энергетикалық инфрақұрылымды дамыту; 6. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық инфрақұрылымын, сумен және жылумен жабдықтау желілерін жаңғырту; 7. Тұрғын үй инфрақұрылымын нығайту; 8. Әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту; 9. Кәсіпкерлікті және іскерлік белсенділікті қолдау.
Дата публикации
27 января 2022