Шымкент қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2021 жылғы қаңтар-қараша айларының қорытындысы

Шымкент қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуының

2021 жылғы қаңтар-қараша айларының қорытындысы

 

Қала аумағының көлемі 1,2 мың шаршы км құрайды.

2021 жылдың 1 қарашасына қала халқы 1 107,1 мың адамды құрады. Қала қалалық маңызы бар 4 ауданнан тұрады. Ұлттық құрамы: қазақтар – 67,5%, өзбектер - 17,7%, орыстар – 8,9%, басқалары – 5,9%.

Өнеркәсіп өнімінің көлемі 708,8 млрд.теңгені құрады. Нақты көлем индексі 2020 жылдың сәйкес кезеңіне 106,5%.

Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың мемлекеттiк бағдарламасы аясында қалада 2021 жылы жалпы құны 16,7 млрд. теңгеге 16 жоба жүзеге асырылып, 613 жаңа жұмыс орнын ашу жоспарланды. Бүгінгі таңға, 15,5 млрд.теңгеге 
13 жоба іске қосылып, 553 жұмыс орны ашылды.

Ауыл шаруашылық өнімінің көлемі 0,3% - ға артып, 41,4 млрд. теңгені құрады.

Жұмыс істеп тұрған ШОБ субъектілерінің саны 75,5 мың бірлікті немесе 2020 жылдың сәйкес кезеңіне 108,2% құрады.

Негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 394,7 млрд. теңгені немесе 55,4% артық.

Құрылыс жұмыстарының көлемі 115,7 млрд. теңгені құрады (109,6%), 694,8 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді немесе 163,6%.

Бөлшек сауда көлемі 379,2 млрд.теңгені құрап, нақты көлем индексі 2020 жылдың сәйкес кезеңіне 109,6%.

Жұмыссыздық деңгейі 5% құрады (2021ж. 3 тоқсаны). Жұмыс күшінен өз бетінше жұмыспен қамтылған халықтың 29,3% құрайды (127,5 мың адам).

Орташа айлық жалақы 2021 жылдың қаңтар-қыркүйегінде 20,9% - ға артып, 188,6 мың теңгені құрады.

Инфляция 2021 жылдың қараша айын 2020 жылдың желтоқсан айымен салыстырғанда 107,6% құрады, оның ішінде азық-түлік тауарларына – 109,1%, азық-түлік емес тауарларына – 107,6% және ақылы қызметтерге -105,9%. 

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласы. Сапалы сумен қамтамасыз ету 98%, газбен жабдықтау 92,2%, электрмен қамтамасыз ету 97%, кәріз желілері 54%, жылумен жабдықтау
100% құрайды.

Шымкент қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2021 жылғы қаңтар-қараша айларының қорытындысы
Дата публикации
27 декабря 2021