Шымкент қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуының
2021 жылғы қаңтар-қазан айларының қорытындысы
Қала аумағының көлемі 1,2 мың шаршы км. құрайды.
2021 жылдың 1 қазанына қала халқы 1 104,8 мың адамды құрады. Қала қалалық маңызы бар 4 ауданнан тұрады. Ұлттық құрамы: қазақтар – 67,5%, өзбектер - 17,7%, орыстар – 8,9%, басқалары – 5,9%.
Өнеркәсіп өнімінің көлемі 632,5 млрд.теңгені құрады. Нақты көлем индексі 2020 жылдың сәйкес кезеңіне 106,7%.
Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың 2020-2024 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасының өңірлік кәсіпкерлікті қолдау картасы аясында 2021 жылы жалпы құны 40,0 млрд. теңгеге 17 жоба жүзеге асырылып, 758 жаңа жұмыс орнын ашу жоспарланды. Бүгінгі таңға, 15,3 млрд.теңгеге 9 жоба іске қосылып, 514 жұмыс орны ашылды.
Ауыл шаруашылық өнімінің көлемі 1,2% - ға артып, 39,0 млрд. теңгені құрады.
Жұмыс істеп тұрған ШОБ субъектілерінің саны 74,1 мың бірлікті немесе 2020 жылдың сәйкес кезеңіне 102% құрады.
Негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 325,2 млрд. теңгені немесе 41,2% артық.
Құрылыс жұмыстарының көлемі 103,4 млрд. теңгені құрады (111,8%), 474,7 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді немесе 123,7%.
Бөлшек сауда көлемі 379,2 млрд.теңгені құрап, нақты көлем индексі 2020 жылдың сәйкес кезеңіне 109,6%.
Жұмыссыздық деңгейі 5,0% құрады (2021ж. 3 тоқсаны). Жұмыс күшінен өз бетінше жұмыспен қамтылған халық 29,3% құрады (127,5 мың адам).
Орташа айлық жалақы 2021 жылдың ІІІ тоқсанына 22,3% - ға артып, 189,6 мың теңгені құрады.
Инфляция 2021 жылдың қазан айын 2020 жылдың желтоқсан айымен салыстырғанда 107,2% құрады, оның ішінде азық – түлік тауарларына – 108,6%, азық – түлік емес тауарларына – 106,7% және ақылы қызметтерге -105,8%.
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласы. Сапалы сумен қамтамасыз ету 95,6%, газбен жабдықтау 92,2%, электрмен қамтамасыз ету 95%, кәріз желілері 52,3%, жылумен жабдықтау
100% құрайды.