Шымкент қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуының
2021 жылғы қаңтар-тамыз айларының қорытындысы
Қала аумағының көлемі 1,2 мың шаршы км. құрайды.
2021 жылдың 1 тамызына қала халқы 1 099,9 мың адамды құрады. Қала қалалық маңызы бар 4 ауданнан тұрады. Ұлттық құрамы: қазақтар – 67,5%, өзбектер - 17,7%, орыстар – 8,9%, басқалары – 5,9%.
Өнеркәсіп өнімінің көлемі 484,5 млрд.теңгені құрады. Нақты көлем индексі 2020 жылдың сәйкес кезеңіне 106,4%.
Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың 2020-2024 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасының өңірлік кәсіпкерлікті қолдау картасы аясында 2021 жылы жалпы құны 50,4 млрд. теңгеге 21 жоба жүзеге асырылып, 1 299 жаңа жұмыс орнын ашу жоспарлануда.
Ауыл шаруашылық өнімінің көлемі 0,8% - ға артып, 28,5 млрд. теңгені құрады.
Жұмыс істеп тұрған ШОБ субъектілерінің саны 70,5 мың бірлікті немесе 2020 жылдың сәйкес кезеңіне 99,1% құрады.
Негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 201,1 млрд. теңгені немесе 32,5% артық.
Құрылыс жұмыстарының көлемі 71,8 млрд. теңгені құрады (116,1%), 347,1 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді немесе 104%.
Бөлшек сауда көлемі 284,3 млрд.теңгені құрап, нақты көлем индексі 2020 жылдың сәйкес кезеңіне 110,4%.
Жұмыссыздық деңгейі 5,1% құрады (2021ж. 2 тоқсаны). Жұмыс күшінен өз бетінше жұмыспен қамтылған халық 29,3% құрады (127,4 мың адам).
Орташа айлық жалақы 2021 жылдың 2 тоқсанына 23,7% - ға артып, 203,1 мың теңгені құрады.
Инфляция 2021 жылдың тамыз айын 2020 жылдың желтоқсан айымен салыстырғанда 105,8% құрады, оның ішінде азық – түлік тауарларына – 107,6%, азық – түлік емес тауарларына – 105,3% және ақылы қызметтерге -104,0%.
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласы. Сапалы сумен қамтамасыз ету 95,6%, газбен жабдықтау 92,2%, электрмен қамтамасыз ету 95%, кәріз желілері 52,3%, жылумен жабдықтау
100% құрайды.