Шымкент қаласының қаңтар-мамыр айларының әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы

Шымкент қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуының

2021 жылғы қаңтар-мамыр айларының қорытындысы

 

Қала аумағының көлемі 1,2 мың шаршы км. құрайды.

2021 жылдың 1 мамырына қала халқы 1 090,2 мың адамды құрады. Қала қалалық маңызы бар 4 ауданнан тұрады. Ұлттық құрамы: қазақтар – 67,5%, өзбектер - 17,7%, орыстар – 8,9%, басқалары – 5,9%.

Өнеркәсіп өнімінің көлемі 294,9 млрд.теңгені құрады. Нақты көлем индексі 2020 жылдың сәйкес кезеңіне 110,1%.

Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың 2020-2024 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасының  өңірлік кәсіпкерлікті қолдау картасы аясында 2020 жылы жалпы құны 50,4 млрд. теңгеге 21 жобаны жүзеге асырылып, 1299 жаңа жұмыс орны ашылды.

Ауыл шаруашылық өнімінің көлемі 1,2% - ға артып, 12,8 млрд. теңгені құрады.

Жұмыс істеп тұрған ШОБ субъектілерінің саны 69,3 мың бірлікті немесе 2020 жылдың сәйкес кезеңіне 98,5% құрады.

Негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 96,9 млрд. теңгені немесе 23,2% артық. Инвестиция көлемі тұрғын үй, күн электр станциясының, «ПетроКазахстан ойл Продактс» ЖШС модернизациялау және қайта құру жобасының, полипропилен және МТБЭ өндірісін шығаратын зауыттың құрылысы есебінен артты.

Құрылыс жұмыстарының көлемі 28,1 млрд. теңгені құрады (115,3%), 125,3 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді немесе 70,9% артық.

Жұмыссыздық деңгейі 5,1% құрады (2021ж. 1 тоқсаны). Жұмыс күшінен өз бетінше жұмыспен қамтылған халық 29,3% құрады (127,4 мың адам).

Орташа айлық жалақы 15,6% - ға артып, 2021 жылдың
1 тоқсанына 175,9 мың теңгені құрады.

Инфляция 2021 жылдың мамыр айын 2020 жылдың желтоқсан айымен салыстырғанда 103,6% құрады, оның ішінде азық – түлік тауарларына – 104,8%, азық – түлік емес тауарларына – 103,2% және ақылы қызметтерге -102,5%. 

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласы. Сапалы сумен қамтамасыз ету 95,6%, газбен жабдықтау 92,2%, электрмен қамтамасыз ету 95%, кәріз желілері 52,3%, жылумен жабдықтау
100% құрайды.

Шымкент қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2021 жылғы қаңтар-мамыр айларының қорытындысы
Дата публикации
22 июня 2021