Шымкент қаласының 2018-2020 жылдарға арналған даму бағдарламасы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 29 қарашадағы «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесін бекіту туралы» №790 қаулысы
Шымкент қаласының аумағы 116 280 га, тұрғындар саны 1009,2 мың адамды құрайды, Қазақстанның Орта Азиямен тоғысқан жеріндегі Еуропаның Оңтүстік-шығыс Азия мен жақын және алыстағы Шығыс елдеріне бағытталған көлік магистральдарының қиылысында орналасқан. Бүгінгі таңда Шымкент – инфрақұрылымы дамыған, Қазақстанның өнеркәсіптік, сауда және мәдени орталықтарының бірі. Шымкент урбанистикалық қалалардың үштігіне кіреді.