СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІНІҢ ТІЗІЛІМІ
|
№ |
Анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелі |
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою жөнінде ұсынымдар |
Ұсынымды орындау нысаны |
Уәкілетті органның ұстанымы * Ұсынымды басқа мемлекеттік органға жіберген жағдайда |
Орындау мерзімі |
|
1. |
Қосымша қызмет көрсететін әлеуметтік мекемелердің нормативті құжаттардың болмауы және «Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсететін мекемелер» үшін дәрі-дәрмекке нормативінің болмауы |
Бюджетті жоспарлау барысында «Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарының» штат бірліктеріне қатысты нормативтік құжат бекітілген. Алайда, қосымша қызмет көрсететін әлеуметтік мекемелер үшін (Мысалы: «Ізетті зейнеткер» КММ, «Тең Қоғам» КММ, «Белсенд іұзақ өмір сүру орталығы» ) штаттық норматив бекітілмеген. Яғни мекемелердің жүктемесі мен нақты штат қажеттілігі ескерілмей қалуда. «Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсететін мекемелер» үшін дәрі-дәрмекке арналған тұтыну нормативтері де бекітілмеген. Бұл қажетті дәрілік заттардың көлемін анықтай отырып бюджетті жоспарлауға кедергі келтіруде. Қосымша әлеуметтік қызмет көрсететін мекемелерге арналған штаттық нормативтерді әзірлеп нормативтерді заңды түрде бекіту қажет және арнаулы әлеуметтік мекемелерге қажетті дәрі-дәрмек көлеміне қатысты нормативтерді заңды түрде бекіту қажет. |
Қосымша әлеуметтік қызмет көрсететін мекемелерге арналған штаттық нормативтерді әзірлеу туралы және «Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсететін мекемелер» үшін дәрі-дәрмекке арналған тұтыну нормативтерді заңды түрде бекіту үшін ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне 2026 жылдың 29 мамырындағы № 41-08-04/398 шығыс хаты жоданды
|
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне 2026 жылдың 29 мамырындағы № 41-08-04/398 шығыс хаты |
Министрлікке хат жолданып жауабы күтілуде |
|
2 |
«Мемлекеттік инвестициялық жобаларды жоспарлау және іске асыру, инвестициялық ұсынысты, техникалық-экономикалық және қаржылық-экономикалық негіздемелерді әзірлеу немесе түзету, қажетті сараптамалар жүргізу, бюджеттік кредиттеудің орындылығын айқындау, мемлекеттік инвестициялық жобалар портфелін қалыптастыру, сондай-ақ мемлекеттік инвестициялық жобалардың бекітілген (нақтыланған) параметрлерін түзету, іріктеу, іске асырылуын мониторингтеу және бағалау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2025 жылғы 28 маусымдағы № 59 бұйрығының 2-параграфы бойынша Бюджеттік инвестициялық жобалардың іске асырылуына мониторингті айқындалған заңды тұлға жүргізеді. Бюджеттік инвестициялық жобаларды және Инвестициялар мониторингінің құнын айқындау әдістемесі заңнама аясында қарастырылмаған. Осының салдарынан қызметті қаржы жылына жоспарлауға мүмкіндік болмауда.
|
Бюджеттік инвестициялық жобаларды және Инвестициялар мониторингінің құнын айқындау әдістемесі заңнама аясында қарастырылмаған. Осының салдарынан қызметті қаржы жылына жоспарлауға мүмкіндік болмауда. Бюджеттік инвестициялық жобалардың және Инвестициялар іске асырылуына мониторинг жүргізуге құнын айқындау әдістемесін бекіту қажет |
Бюджет қаржыларын тиімді және сапалы жоспарлау мақсатында, бюджеттік инвестициялық жобаларды және Инвестициялар мониторингінің құнын айқындауға түсініктеме беру туралы сұраныс хат Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігіне 08.06.2026ж № 41-04-15/452 жолданды |
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігіне 2026жылғы 08 маусымда № 41-04-15/452 шығыс хаты жолданды.
|
Министрлікке хат жолданып, жауабы күтілуде. |