
Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесі - мемлекеттік билік органдарының және елді дамыту процесіне өзге де қатысушылардың Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық даму деңгейін арттыруға, азаматтардың әл-ауқатын арттыруға және ел қауіпсіздігін нығайтуға бағытталған қызметін қамтиды.
Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарына мыналар жатады:
1) Қазақстанның 2050 жылға дейінгі даму стратегиясы;
2) Жалпыұлттық басымдықтар;
3) Қазақстан Республикасының Ұлттық даму жоспары, Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік стратегиясы;
4) Елдің аумақтық даму жоспары;
5) саланы/аяны дамыту тұжырымдамасы, ұлттық жобалар;
6) мемлекеттік органдардың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің және ұлттық компаниялардың даму жоспарлары.