GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Басқарма туралы
Құжаттар
Баспасөз орталығы
Қызметі
Байланыс ақпараты
Онлайн қабылдау
Все материалы
19 октября 2026
Рухани келісім күні құтты болсын!

Рухани келісім күні құтты болсын!Рухани келісім-ел бірлігі мен қоғамдық тұрақтылықтың негізі.Елімізде татулық пен өзара құрмет салтанат құрып,бейбітшілгіміз мәңгі болсын!

16 октября 2026
“18 ҚАЗАН РУХАНИ КЕЛІСІМ КҮНІ” БЕЙБІТ КҮН. БЕРЕКЕЛІ ЕЛ. БАҚЫТТЫ ҰРПАҚ.

2026 жылғы 16 қазанда Шымкент қаласының дін істері басқармасының ұйымдастыруымен «Рухани келісім» күні қарсаңында діни бірлестіктер клубының арнайы кездесуі өткізілді.


Кездесуде 50 ге жуық діни қызметкерлері мен этномәдени бірлестік өкілдері қатысты.
Іс-шараның мақсаты – конфессияаралық келісімді нығайту, дінаралық татулықты сақтау және қоғамдағы өзара құрмет пен бірлікті дәріптеу.

Кездесу барысында рухани құндылықтар, бейбітшілік пен келісімнің маңыздылығы талқыланып, діни бірлестік жетекшілері алғыс хатпен марапатталды.

Рухани келісім – тұрақтылық пен татулықтың негізі!

16 октября 2026
12-16 қазан аралығында "Қазақы дүниетаным және дәстүрлі діни құндылықтар" тақырыбы аясында 10 мақсатты топқа семинар-тренинг өткізілді.

Шымкент қаласының дін істері басқармасы тарапынын2026 жылғы 12-16 қазан аралығында діни тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында «Қазақы дүниетаным және дәстүрлі діни құндылықтар» тақырыбы аясында Шымкент қаласы «Достық плаза» қонақ үйінің конферец залында өткізілетін семинар-тренинг 10 мақсатты топтарға: имамдар, спортшылар, спорт жаттықтырушылар, ауыл билері, мешіт белсенді жамағаты, әйелдер қауымы, жастар, әскери бөлім қызметкерлері, пробация және ата-аналар, тәрбие ісі меңгерушілергеарналған семинар-тренинг өткізілді.

Семинарда білікті теолог мамандар мен арнайы психолог, тарихшы ұстаздар спикер болды.

Іс-шара аясында қоғамдағы рухани құндылықтарды дәріптеу, діни тұрақтылықты сақтау және өзара сыйластық пен қоғамдық келісімді нығайтудың маңыздылығы сөз болды.

12 октября 2026
Сайрам тұрғын алабындағы Өзбек драма театрының ғимаратында тұрғындармен «Отбасы құндылықтары және рухани тәрбие» және «Жастар тәрбиесі және діни сауаттылық» тақырыптарында кездесу өтті.

2026 жылғы 9 қазанда Шымкент қаласы, Сайрам тұрғын алабындағы Өзбек драма театрының ғимаратында тұрғындармен «Отбасы құндылықтары және рухани тәрбие» және «Жастар тәрбиесі және діни сауаттылық» тақырыптарында кездесу өтті. Іс-шараның негізгі мақсаты – отбасы институтының қоғамдағы маңызын насихаттау, ұлттық және рухани құндылықтарды дәріптеу, жастардың діни сауаттылығын арттыру және өскелең ұрпақтың бойында адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру. Кездесуге сала мамандары қатысып, өзекті мәселелер бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Атап айтқанда: Асанова Салтанат Сайлауқызы – PhD докторы, доцент; Рысбеков Кенжебек Туребаевич – «Ақниет» қоғамдық қорының (Ақпарат, насихат және оңалту орталығы) теологы. Кездесу барысында отбасы тәрбиесінің бала тұлғасын қалыптастырудағы рөлі, ата-ана жауапкершілігі, ұрпақтар сабақтастығы және ұлттық тәрбие мәселелері кеңінен талқыланды. Сонымен қатар жастар арасында діни сауаттылықты арттыру, дәстүрлі діни құндылықтарды дұрыс түсіндіру, деструктивті діни ағымдардың алдын алу және ақпаратты сыни тұрғыдан бағалау қажеттілігіне назар аударылды. Мамандар отбасыдағы сыйластық пен өзара түсіністіктің, рухани тәрбиенің және саналы ұстанымның қоғам тұрақтылығын нығайтудағы маңызын атап өтті. Сондай-ақ тұрғындар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, мамандардан жауап алды.

05 октября 2026
Биик спорт кешенінде "жат ағым сипаттары" тақырыбында ақпараттық түсіндіру жұмыстары жүргізілді
17 сентября 2026
«Дінаралық татулықты нығайту және дінаралық қақтығыстың алдын алу» атты семинар-конференция өткізілді.

2026 жылғы 17 қыркүйек күні «Достық үйі» ғимаратында Шымкент қаласы дін істері басқармасының ұйымдастыруымен діни бірлестіктердің қатысуымен «дінаралық татулықты нығайту және дінаралық қақтығыстың алдын алу» атты семинар-конференция өткізілді. Іс-шара барысында Дін істері басқармасының қызметкерлері Асхат Касымбек және Әмірәлі Берік атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталып, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың дін саласындағы тұрақтылықты қамтамасыз ету, конфессияаралық келісімді нығайту жөніндегі тапсырмаларының маңыздылығы, азаматтардың діни сауаттылығын арттыру және жастарды радикалды ағымдардың ықпалынан қорғау мәселелерін ерекше атап өтті.

Семинар-конференция аясында ҚМДБ Шымкент қаласы бойынша өкілдігінің «Абдурахман» мешітінің бас имамы Н. Ташходжаев, «Елуліктер» толық инжілінің христиан шіркеуі» жергілікті діни бірлестігінің өкілі У. Кулмаханов, «Шымкент Евангельдік христиандық «Сун Бок Ым» шіркеуі» жергілікті діни бірлестігінен В. Усманов, Шымкенттік  «Голгофа»  киелі інжілдік Мәсіхшілдік қауымы» жергілікті діни бірлестігінен З. Ан , «Шымкен қаласының «Агапе» Інжілдік христиан шіркеуі» жергілікті діни бірлестігінен А. Шаталов, «Вефиль» Шымкенттік христиандық- пресвитериандық шіркеуі» жергілікті діни бірлестігінен Х. Валерий, «Шымкент қаласының інжілдік мәсіхші  Баптистердің қауымы» жергілікті діни бірлестігінен А. Криварук, «Салем» Інжілдік Мәсіхші Баптистердің Шіркеуі қауымдастығы» жергілікті діни бірлестігінен В. Телеш, «Орталық Шымкент қаласының Інжілдік Мәсіхші-Баптистердің Қауымы» жергілікті діни бірлестігінен А. Серикович, «Шымкент қаласындағы Жаңа Апостолдық шіркеу» жергілікті діни бірлестігінен Ю. Гимранов, «ОҚО Ехоба куәгерлерінің мәсіхшілік қауымы, Шымкент» жергілікті діни бірлестігінен А. Титов, Р. Шибельгут, «Шымкент қаласының еврей қауымы» жергілікті діни бірлестігінен З. Мурдухаев тарапынан діни толеранттылықты қалыптастыру, этносаралық татулықты сақтау, зайырлы мемлекет қағидаттарын нығайту бағыттары бойынша сөз сөйледі.

Іс-шара қорытындысы бойынша діни бірлестік және этномәдени бірлестік өкілдері қоғамда бейбітшілік пен тұрақтылық, толеранттылық, рухани келісім идеяларын насихаттау жолында атқарып жүрген елеулі еңбектер туралы сөйлесіп, тәжірбие алмасты.

07 сентября 2026
Ұлттық және ат спорт түрлері бойынша кешенді спорт клубына "Зайырлы ел, қайырлы ел" атты кездесу өтті
27 августа 2026
Шымкент қаласының №18 олимпиада резервінің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебі (Каратэ)
17 августа 2026
Шымкент қаласының дін істері басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында «Үздік теолог – 2026» республикалық байқауы өтті.

Байқаудың негізгі мақсаты – қоғамда зайырлы құндылықтарды насихаттау, діни экстремизм мен радикализмнің алдын алу, сондай-ақ теолог мамандардың кәсіби дамуына қолдау көрсету.

📌 Байқауға еліміздің 9 өңірінен 41 теолог қатысты. Оның 12-сі офлайн форматта, қалған қатысушылар онлайн түрде өз білімдерін сынады. Қатысушыларға діни білім деңгейін анықтауға бағытталған 3 бағыт бойынша сұрақтар қойылды.

🏅 Комиссия шешімі бойынша жеңімпаздар:

🥇 І орын — 500 000 теңге
* Алиакбарұлы Ұлықбек — Шымкент қаласы
* Ботакараев Бауыржан Куанышбаевич — Түркістан облысы

🥈 ІІ орын — 350 000 теңге
* Халықов Медет Мұзапбарұлы — Түркістан облысы
* Назарбеков Ринат Токтамысович — Шығыс Қазақстан облысы

🥉 ІІІ орын — 250 000 теңге
* Бердібек Әсел Дидарқызы — Шымкент қаласы
* Ибрамгимқызы Сымбат — Жетісу облысы

⭐ «Белсенді қатысушы» номинациясы — 150 000 теңге:
* Кадесов Нұрасыл Нуржанович — Жетісу облысы
* Әмірбек Сұлтан Айдарәліұлы — Ұлытау облысы
* Койшыгулова Анар Тугелбаевна — Ақтөбе облысы
* Жұмаділлә Бексұлтан Жұмаханұлы — Шымкент қаласы
* Қырықбаев Саян Батырұлы — Жамбыл облысы

Шара соңында Шымкент қаласы дін істері басқармасы басшысының м.у.а. Сарманов Ғалым Тахирұлы сөз сөйлеп, қатысушыларға алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар табыстады.

👏 Барша жеңімпаздар мен қатысушыларды құттықтаймыз! Кәсіби жолдарыңызға толағай табыс, білім мен еңбектеріңізге береке тілейміз!

17 августа 2026
Вилаят Хорасан- деген кімдер?
Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы