ДІНИ БІРЛЕСТІКТЕР КӨРІСТІ 14 наурыз - Көрісу күніне орай қала аумағындағы діни бірлестіктер өкілдері өзара қауышты. Қыстан аман шығып, көктемге жеткен халық бір-бірімен көрісіп, қол алысып, құшақтасып, ізгі тілектерін жаудырады. Бұл – қазақ елінде өмір сүретін әр ұлт пен діни бірлестіктерге нағыз бірліктің, татулықтың, сыйластықтың белгісі! Осы берекелі күн баршамызға жақсылық, ырыс-несібе, мол табыс әкелсін! Әр шаңырақ шаттыққа бөленіп, төрімізден ырыс пен ынтымақ кетпесін!