ШЫМКЕНТ ИМАМДАРЫ ҚАН ТАПСЫРДЫ Бүгін Шымкент қаласы әкімі мен ҚМДБ Шымкент қалалық өкілдігінің ұйытқы болуымен шаһардағы Қан орталығында «Өмірге үміт сыйла» атты игі іс-шара ұйымдастырылды. Ата заң күні мерекесіне орай ұйымдастырылған қайырымдылық шараға Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет Нұрматұлы бастаған дін қызметкерлері мен ерікті топ мүшелері қатысты. «Шариғат қағидасы бойынша қан тапсыру – Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) сүннеті саналады. Әрі сауапты амал болып табылады» деді бас имам Бақдәулет Нұрматұлы. Айта кету керек, игі шараға 100-ден астам мешіт қызметкері қатысты.