2021 жылғы 13 сәуір - 11 мамыр аралығында «Рамазан айына» байланысты ұйымдастырылған қайырымдылық іс-шаралар

2021 жылғы 13 сәуір - 11 мамыр аралығында «Рамазан айына» байланысты ұйымдастырылған қайырымдылық  іс-шаралар

2021 жылғы 13 сәуір күні Шымкент қаласының әкімі М. Әйтенов қала тұрғындарын «Рамазан айымен» құттықтап, қала әкімдігі мен орталық мешітінің ұйытқы болуымен «Рамазан қайырымдылық айы» шарасы ұйымдастырылып, 1000 отбасыға азық-түлік себеті жеткізілді. Сондай-ақ, ҚР бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің және Шымкент қаласының бас мемлекеттік санитар дәрігерінің қаулысына орай аталған шараға қала тұрғындарын дәстүрлі түрде өтетін ауызашар дастарханы орнына азық-түлік түрінде мұқтаж және көпбалалы отбасыларға үлестіру бастамасын қолдауға шақырды.

2021 жылғы 13 сәуір мен 11 мамыр аралығында қала әкімінің «Рамазан қайырымдылық айы» атты игі іс-шараға қолдау білдірген кәсіпкерлер қаладағы тарату орындары болып бекітілген «Ақмешіт, «А.Қаттани», «Әл-Біләл», «Нұр-төбе», «Байғұт баба», «Сайрам жәми» мешіттерінде БАҚ-да жариялы түрде  11 180 отбасыға азық-түлік берілді.

Бұдан бөлек, қала аумағындағы мешіттерде жанашыр азаматтардың қолдауымен 20 820 отбасыға азық-түлік берілді.

 Аталған шараның ерекшелігі мұқтаж отбасылардың діні мен ұлтына бөлмей, көмек көрсетілді.

Сонымен қатар, ҚМДБ Шымкент қаласы бойынша өкілдігі демеуші азаматтардың, жанашыр жамағаттың атсалысуымен қаладағы 35 мешіт рамазан айы бойы күн сайын ыстық тамақ, ауызашар себетін 42 200  тұрғынның мекенжайларына жеткізіліп отырды.

Жалпы айтқанда, а.ж. 13 сәуір мен 11 мамыр аралығында қала аумағында демеуші азаматтардың, жанашыр жамағаттың атсалысуымен  мұқтаж және көпбалалы отбасыларға 32 000 азық-түлік, 42 200 ауызашар себеттері үлестірілді.

Жоғарыда көрсетілген «Рамазан айына» байланысты ұйымдастырылған іс-шаралар толығымен қала тұрғындарына жергілікті БАҚ құралдары мен әлеуметтік желілер арқылы ақпараттар таратылып, хабарланып отырылды.

2021 жылғы 13 мамыр күні сағат 12:00-де ҚМДБ Шымкент қаласы бойынша өкілдігі БАҚ қатысуымен «Ақмешіт» мешітінде 500 отбасыға азық-түлік үлестіріп, Рамазан айының қайырымдылық шарасын қорытындылау жоспарлануда.