«РАМАЗАН ҚОРЖЫНЫ» 1000 ОТБАСЫҒА ҮЛЕСТІРІЛДІ

«РАМАЗАН ҚОРЖЫНЫ» 1000 ОТБАСЫҒА ҮЛЕСТІРІЛДІ

2021жылдың 23 сәуірде Шымкент орталық мешітімен бірге Шымкент қалалық мәслихат депутаттарының ұйытқы болуымен «Рамазан қоржыны» қайырымдылық шарасы ұйымдастырылды. Игі шараға Шымкент қаласы мәслихатының хатшысы Бахадыр Нарымбетов бастаған бір топ депутаттар қала бойынша жағдайы төмен, көпбалалы отбасыларға ауызашар рәсімінің орнына азық-түлік салынған «Рамазан қоржынын» 1000 отбасыға үлестірді.

Айтулы шараның маңыздылығы жөнінде Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет қажы Абдрахманов арнайы қатысып, БАҚ өкілдеріне сұқбат берді.

Айта кетсек, елдегі карантиндік талаптарға сәйкес, Шымкент қаласының бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысына орай, дәстүрлі түрде өтетін ауызашар дастарханы орнына азық-түлік түрінде мұқтаж және көпбалалы отбасыларға үлестіру бастамасы қолға алынып, жүзеге асырылды.