СОҒЫС ЖӘНЕ ТЫЛ АРДАГЕРЛЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

СОҒЫС ЖӘНЕ ТЫЛ АРДАГЕРЛЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

Бүгін ҚМДБ Шымкент қаласы бойынша өкілдігі тарапынан Жеңістің                        76 жылдығына орай «Ардагерлерді ардақтайық» шарасы ұйымдастырылуда.

Мерекелік шара Абай, Әл-Фараби, Еңбекші және Қаратау аудандарында жалғасын табуда. Соның бір көрінісі Абай аудандық «Нұр-Төбе» мешітінің имамы Бердалы Жәміштің ұйытқы болуымен ауданға қарасты бірқатар соғыс ардагерлерінің отбасыға зиярат етіп, мерекемен құттықтады.

Айта кетсек,  бұл айтулы шара Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет қажы Нұрматұлы бастамасымен мамыр айының соңына дейін жалғасатын болады.