«18 қазан – Рухани келісім күні»-не орай, 2022 жылғы 18 қазан күні сағат 15-00-ден бастап, Шымкент қаласы әкімдігінің үлкен мәжіліс залында қаладағы діни конфессиялардың жетекшілерін қала әкімі М. Әйтеновтың төрағалығымен мерекелік іс-шара өткізілді. Аталған мерекелік кездесуде қала әкімі қаламыздың рухани өркендеуі мен дамуына, діни ахуалдың тұрақтылығын сақтау, конфессияаралық келісімді қамтамасыз етуге зор үлесі үшін алғыс айтты. Іс-шара соңында конфессия басшыларына мерекеге орай, өз атынан алғыс хаттарды табыстады.
Сонымен қатар, қала әкімі мен Дін істері басқармасының атына ҚМДБ Шымкент қаласы бойынша өкіл имамының 1-ші орынбасары М. Ақтамберді, Шымкент қаласы бойынша Епархияның хатшысы, Архимандрит Вениамин (Рудый) және «Сәби Исаның – Әулие Терезасы атындағы Рим-католик приходы» діни бірлестігінің өкілі Т.Минкаилова өз тараптарынан алғысын білдірді.
Сонымен бірге, қала әкімі М.Әйтенов келген қонақтарға қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосуға шақырды.
Одан бөлек, келе жатқан «25 қазан күні - «Республика күні»» мерекесіне орай, қала әкімдігі тарапынан ұйымдастырылып жатқан мерекелік іс-шараға а.ж. 22 қазан күні сағат 14-00-ге «Көрме Орталығына» діни бірлестіктерінің жетекшілерді қатысуға шақырды.